Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілі оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинарлар өтті
Қазақ тілі оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинарлар өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігі Тіл комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау» және «Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын арттыру» міндеттерін іске асыру мақсатында үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірледі. Аталған оқу-әдістемелік кешен Тіл комитетінің мемлекеттік тапсырысы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығында әзірленді.
Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен тіл меңгерудің халықаралық әдістемелеріне, қазақ тілін меңгерудің талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға негізделген.
Типтік оқу-әдістемелік кешен келесі бөліктерден тұрады:
- Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009);
- Қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарлама,
- Тақырыптық лексикалық сөздік қор,
- Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы,
- Қазақ тілін оқытуға арналған деңгейлік оқулықтар,
- ҚАЗТЕСТ тест тапсырмалары,
- Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау емтиханына дайындық оқу-әдістемелік құралдары,
- Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған компьютерлік бағдарлама.
«Тіл білімін бағалайтын халықаралық жүйелерге ұқсас қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын жүйе жасалуы керек және оған сәйкес қазақ тілін оқыту әдістемесі қалыптастырылуы керек» деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылды. Нәтижеге бағытталған білім беру қағидаты бойынша ҚАЗТЕСТ тапсыруға негізделген қазақ тілін оқытудың әдістемесі қалыптастырылды.
Қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру республикалық семинарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілді оқытудың барлық оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері үшін өткізілді. Семинарлар төрт өңірде: Орталық және Солтүстік Қазақстан өңірі – Астана қаласында 2012 жылдың 28-29 қарашасында, Оңтүстік Қазақстан өңірі – Алматы қаласынады 2012 жылдың 27-28 қарашасында, Шығыс Қазақстан өңірі – Павлодар қаласында 2012 жылдың 29-30 қарашасында және Батыс Қазақстан өңірі – Атырау қаласында 2012 жылдың 29-30 қарашасында ұйымдастырылды.
Біліктілікті арттырудың семинарлары барысында әдістеме бойынша шеберлік сабақтары өткізілді, әдістеме негізінде әзірленген оқулықтар, әдістемелік құралдардың құрылымы мен мазмұны таныстырылды және оларды қазақ тілін оқытуда пайдаланудың ерекшеліктері түсіндірілді.
Республика бойынша 200-ден аса мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының сарапшылары қатысты.
Республикалық семинарлар нәтижесінде біліктілікті арттырудың сертификаттары табысталды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх