Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары мемлекеттік тілді меңгеру бойынша емтихандар тапсырды
Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары мемлекеттік тілді меңгеру бойынша емтихандар тапсырды
2012 жылдың 5-6 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығы «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, ұйымның Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Талдықорған және Орал қаларында орналасқан зияткерлік мектептерінің ұстаздар құрамы арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесінің негізінде тестілеу емтихандарын өткізді.
Ұстаздар құрамы ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым және Лексика-грамматикалық құрылым бөліктері бойынша тест тапсырды. Қазақ тілін меңгерудің қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлері бойынша әрбір деңгейде тест 150 тапсырмадан тұрады, 150 минут уақыт беріледі. Деңгей талаптары бойынша нәтижеге қол жеткізген тестіленушілерге сәйкестік сертификаттары беріледі. Тестілеу емтихандарына барлығы 738 адам қатысты.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымында мемлекеттік тілді меңгеру мәселесіне үлкен мән беріледі. Ұйым өзінің ұстаздар құрамының мемлекеттік тілді меңгеруі арқылы мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесін қосып отыр. Орта білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде ұйымның атқарып отырған іс-шарасы өзге орта білім мекемелеріне үлгі боларлықтай.
Айта кету керек, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы өз ұстаздарының мемлекеттік тілді меңгеруін қадағалап, тіл меңгеру деңгейін анықтау емтихандарын 2010 жылдан бастап биыл үшінші жыл қатарынан өткізіп келеді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх