Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тапсырмалары екінші тәуелсіз сараптамадан өтті
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тапсырмалары екінші тәуелсіз сараптамадан өтті
2012 жылдың 14-16 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасында ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналып сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым, Лексика-грамматика, Оқылым, Жазылым бөліктері бойынша түзетуден және байқау сынақтарынан кейінгі тест тапсырмаларының екінші тәуелсіз сараптамасы өткізілді.
Тәуелсіз сараптаманы Ұлттық тестілеу орталығының тапсырысымен еліміздің барлық өңірлерінен практикалық қазақ тілі бағытында ғылыми ізденістері мен мақалалары бар жоғары оқу орындарының филолог ғалымдары өткізді. Сараптаманың нәтижесі бойынша сараптамалық қорытындылар әзірленді. Сараптамалық қорытындылар мен сарапшылардың түзетулері негізінде тест тапсырмаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Сарапшылар тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мақсатқа лайықтығын, тест тапсырмаларын қалыптастырудың техникалық ерекшеліктері мен қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексерді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі – бұл Қазақстан Республикасында азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын отандық тестілеу жүйесі.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх