Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ұлттық тестілеу орталығында «Педагогикалық өлшеу теориясы мен әдістемелерінің негіздері» тақырыбындағы семинар басталды
Ұлттық тестілеу орталығында «Педагогикалық өлшеу теориясы мен әдістемелерінің негіздері» тақырыбындағы семинар басталды
Ұлттық тестілеу орталығы 2012 жылдың 5 қараша күні Ресей Федерациясы «Педагогические измерения» ғылыми-практикалық жураналының бас редакторы, тестолог-ғалым, профессор Вадим Аванесовтың авторлық семинарын бастады.
Білім сапасын дәл әрі нақты бағалауда сапалы тест тапсырмаларын қалыптастыру маңызды мағынаға ие. Сондықтан мақсатқа лайықты білім сапасын бағалау құралдарын әзірлеу мен олардың сапасын сараптау бағытындағы ғылыми-практикалық ізденістер Ұлттық тестілеу орталығының атқаратын қызметтерінің бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңда азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ті дамыту іс-шаралары жалғасын тауып келеді. Соның бірі жүйеге арналған тест тапсырмаларын әзірлемешілер мен сарапшыларға арналған әдістемелік қолдау көрсету. Осы ретте педагогикалық өлшеу теориясы мен практикасы бағытындағы халықаралық тәжірибелер мен ғылыми жетістік нәтижелері сапалы тапсырмалар әзірлеуге септігін тигізеді. Сондықтан ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сапалы тест тапсырмаларын қалыптастыру және соның негізінде тілді оқыту үдерсін жүйелеуде өткзіліп отырған семинардың берері мол.
В. Аванесов өзінің барлық ғұмырын білім сапасын бағалау мен бағалау құралдарын қалыптастыру бағытында педагогика мен педагогикалық диагностика, педагогикалық өлшеулер теориясы мен практикасы, тестілеу технологиялары бағытында ғылыми ізденістер мен оларды практикалық тұрғыда өмірде іске асырып келе жатқан бірегей ғалым.
В. Аванесовтың тест тапсырмаларының түрлері, олардың тиімділік дәрежелері, мақсатқа лайықтау тәсілдері, білім беру үдерісіндегі бағалау құралдарын пайдалану әдістері, тестілеу нәтижесі бойынша тапсырмаларды сараптау мен талдау жолдары бағытындағы ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын қалыптастыру жұмыс тобына арналған курстары өте тиімді екендігі анық.
Семинар Астана қаласында 2012 жылдың 5-9 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығанда өткізілетін болады. Семинарға ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмалары әзірлемешілер мен сарапшылары және жүйені жетілдіру жұмыс тобының мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының аймақтарында орналасқан өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдісткерлері мен қазақ тілінің оқытушылары қатысуда. Өңірлік орталықтардан 20 адам шақырылды.
Семинар нәтижесінде тыңдаушыларға қойылатын негізгі талаптардың орындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сәйкестік сертификаттары табысталатын болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх