Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейінен емтихан тапсырды
Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейінен емтихан тапсырды
2012 жылдың 1-2 қараша аралығынды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының барлық қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде емтихан тапсырды.
Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасында білім беру сапасын бағалаушы, студенттер контингентін қалыптастырушы бірден-бір мекеме болып табылады. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері сапалы тест тапсырмаларын қалыптастыру, тестілеуді ұйымдастыру мен білім беру қызметін тиімді бағалау және жалпы педагогикалық өлшеу саласында кәсіби білікті мамандар болып саналады.
2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен Ұлттық тестілеу орталығы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесін әзірлеу мен оны дамыту жұмыстарымен айналысып келеді. ҚАЗТЕСТ жүйесі аз ғана уақыттың ішінде өзінің өміршеңдігін көрсетіп, азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалаушы бірден-бір тетік ретінде қолдануға болатын жүйе екендігін растады. Оның жарқын дәлелі – Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларының бірінің іске асырушы тетігі ретінде анықталуы болып отыр. Ол – ересек тұрғындардың мемлекеттік тілді белгілі көлемде меңгеруі бойынша жылдарға бөлінген үлесін арттырудағы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеулер өткізу.
Ұлттық тестілеу орталығының өз қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатындағы тестілеу емтихандарын өткізуі мемлекеттік тілдің мәртебесі мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру шараларына бағытталып отыр. Екінші жағынан, білім сапасын бағалаудағы кәсіби мамандар ретінде қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест тапсырмаларының сапасын арттыруға өз үлестерін қосып, оларды одан әрі мақсатқа лайықтап, дәрежесін арттыру шараларына септігін тигізетін болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх