Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтардың екінші сараптамасы басталды
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтардың екінші сараптамасы басталды
Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтардың екінші тәуелсіз сараптамасын өткізуді бастады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігі Тіл комитетінің қолдауымен әзірленіп отырған қазақ тілін меңгерудің бес деңгейіне сәйкес оқулықтар жыл соңына дейін баспадан жарық көретін болады. Бес деңгейлік оқулықтар мазмұны қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарламаға және қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға негізделген. Оқулықтар сөйлеу әрекетінің тыңдап түсіну, оқып түсіну мен сөйлеп, жаза білу қабілеттерінің қалыптасуына септігін тигізетін болады. Оқулықтардың ерекшелегі грамматикалық тақырыптарды күнделікті өмірдегі жағдаяттарда пайдалану арқылы олардың негізгі қызметтеріне қарай бағыттап түсіндіру.
Тәуелсіз сараптамаға өзге тілді аудиториядағы практикалық қазақ тілі бағытында еңбек өтілі мол, негізгі түйткілді мәселені ғылыми тұрғыда негіздей білетін, осы бағытта бірнеше ғылыми еңбектер мен ізденістер жасап жүрген белгілі филолог – ғалымдар қатысып отыр.
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу жобасы аясында әзірленіп отыр.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх