Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Республикалық деңгейде дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда
Республикалық деңгейде дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау міндетін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетімен бірлесіп Ұлттық тестілеу орталығы еліміздің барлық өңірлерінде республикалық дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда.
Дөңгелек үстелдерге арқау болған тақырып – республикадағы барлық мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында қазақ тілін оқытуды жүйелеу мақсатында әзірленген қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарлама таныстырылымы мен сол орталықтарды типтік бағдарламаның қажетті даналарымен қамтамасыз ету.
Орталық және солтүстік Қазақстан өңірі, олар – Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының тілдерді дамыту басқармалары өкілдері, мемлекеттік тілді оқытудың мемлекеттік және мемлекеттік емес орталықтарының директорлары, әдіскерлері мен оқытушылары Астана қаласына жиналып, 15 қазан күні дөңгелек үстел басында жиналды. Барлық орталықтар мен басқармалар қажетті данада типтік бағдарламалармен қамтамасыз етілді.
Оңтүстік өңір – Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан өкілдері Тараз қаласында 12 қазан күні дөңгелек үстелге жиналды. Барлық орталықтар мен басқармалар өкілдерді көптен бергі түйткілді мәселенің шешімінің табылғанына ризалықтарын білдірді. Оңтүстік өңір орталықтары да типтік бағдарламалармен қамтамасыз етілді.
Шығыс өңір – Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Семей қаласы басқарамалары мен орталықтары үшін 18 қазанда, Батыс өңір – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары Ақтөбе қаласында 18 қазанда жиналып, бас қосатын болады.
Дөңгелек үстел нәтижесінде барлық орталықтар мен басқармалар өкілдері ендігі жерде қазақ тілін оқытудың барлық жұмыс-оқу бағдарламалары ортақ типтік бағдарлама негізінде әзірленіп, жүйелі түрде қазақ тілін оқытуға көшу қажеттігі туралы шешімдер қабылдады.
Қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарлама үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу жобасы аясында әзірленіп, қолданысқа енгізілді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх