Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтардың сараптамасы өтті
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтардың сараптамасы өтті
Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасында             2012 жылдың 8-12 қазан аралығында қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтардың алғашқы сараптамасы өткізілді.
Оқулық қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде үйретуге арналған. Оқулықта тіл үйренушінің коммуникативтік дағдысын дамытуға негіз болатын сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша барлық тілдік материалдар қамтылған.
Сараптамаға еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының практикалық қазақ тілі саласындағы белді ғалымдары мен профессор-оқытушылары қатысты.
Оқулықтың сапасына сәйкес сараптамалық қорытындылар әзірленді.
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша үздіксіз білім беру моделі арқылы  «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу жобасы аясында әзірленді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх