Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тапсырмалары тәуелсіз сараптамадан өтті
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тапсырмалары тәуелсіз сараптамадан өтті
2012 жылдың 1-5 қазан аралығында Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасында ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналып әзірленген тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өтті. Жоспарға сәйкес 2012 жылдың екінші жартыжылдығында әзірленген 12 365 тест тапсырмалары сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым бөліктері мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымына арналған.
Тәуелсіз сараптамаға еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының практикалық қазақ тілі саласындағы белді ғалымдары мен профессор-оқытушылық құрамы қатысты. Барлығы тәуелсіз сараптамаға 15 адам қатысты.
Сарапшылар тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мақсатқа лайықтығын, тест тапсырмаларын қалыптастырудың техникалық ерекшеліктері мен қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексерді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі – бұл Қазақстан Республикасында азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын отандық тестілеу жүйесі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх