Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы басталды.
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы басталды.
ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту мен енгізудің 2012 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1-5 қазаны аралығында жүйеге арнап әзірленген тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өткізілуде. Сараптама сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-грамматикалық құрылым бөліктері бойынша жүргізіліп жатыр.
Тәуелсіз сараптамаға Ұлттық тестілеу орталығының тапсырысымен еліміздің беделді ғалымдары мен жоғары оқу орындарының жоғары білікті оқытушылары шақырылды.
Сараптама Мемлекеттік стандарттар мен тест тапсырмаларын қалыптастырудың спецификациясы негізінде жүргізілуде.
Негізгі мақсат – мақсатқа лайықты, сапалы тест тапсырмаларын қалыптастыру.
Тест тапсырмалары қазақ тілін бес деңгейде меңгеруді бағалауға арналған. Әр деңгейге сәйкес лексикалық, грамматикалық тақырыптар ескеріліп, деңгейдің сөздік қорына жүйеленіп қалыптастырылады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх