Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері  ҚАЗТЕСТ-ке дайын
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ-ке дайын
2012 жылдың 10-12-ші қыркүйегі аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қорытындылау ретінде байқау сынақтарын өткізді.
Байқау сынақтарына Зайсан, Үржар, Абай, Тарбағатай, Аягөз, Катон-Қарағай, Көкпекті, Жарма, Күршім аудандарының 1173 мемлекеттік қызметшілері қатысты. Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік тілді оқыту орталығының қолдауымен өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасы ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамытуға елеулі үлес қосуда. 2010 жылы еліміздегі мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының ішінде бірінші болып Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік тілді оқыту орталығы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін кешенді түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы бағалауды өткізу мен ұйымдастыру шараларын қолға алған болатын. Осы жылы Шығыс Қазақстан облысы аудандарының әкімдері, Өскемен қаласының әкімі мен қалалық әкімдіктің мемлекеттік қызметшілері тестілеуден өтсе, 2011 жылы Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Ұлан, Глубокое, Зырян аудандарының мемлекеттік қызметшілері байқау сынақтарынан өтті.
Өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтары 2010 және 2011 жылдардың нәтижелерін ескеріп, қазақ тілін оқыту үдерісін жаңа арнаға бағыттады және жұмыс оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізген. Жаңа әдістемемен оқытудың нәтижесін анықтау мақсатындағы өткізілген байқау сынақтары қазақ тілін оқытуға жаңа дем берді.
Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. Мемлекеттік бағдарламада мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі мақсатты индикатор ретінде жылдарға бөліп көрсетілген. Мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлесін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы анықтау тапсырылған.
Байқау сынақтары алдында жұмыс тобы сынаққа қатысушыларға кеңес беріп, ҚАЗТЕСТ жүйесінің Мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторы ретіндегі рөлі, жүйені енгізу тетіктері, технологиясы және тестілеуді өткізу жиілігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Мемлекеттік бағдарламаның нақты мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жасалып отырғандығын тестіленушілерге түсіндіру мемлекеттік тілді меңгеруге қажеттілік тудырып, ынталандыра түседі.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарының мемлекеттік қызметшілері байқау сынақтарынан өтті. Шығыс Қазақстан облысының қазақ тілін оқытуды жүйелеу, мемлекеттік тілдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру бағытындағы осындай жетістігі мол тәжірибесі еліміздің басқа аймақтарымен де алмасуын табуы керек, себебі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтарын өткізу қазақ тілін оқыту үдерісін бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге бөліп оқыту кезеңдерін жүйелеуге және қазақ тілін меңгеру деңгейін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх