Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«А» корпусының кадрлық резервіне үміткерлер мемлекеттік тілді меңгеруден емтихан тапсырды
«А» корпусының кадрлық резервіне үміткерлер мемлекеттік тілді меңгеруден емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 27 наурыздағы № 524 Жарлығына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының кадрлық резервін қалыптастыру және осы резервтегі вакантты, уақытша вакантты орындарға конкурс өткізу ережесі негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/34 бұйрығы бойынша «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызмет кадр резервіне алу және «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін үміткерлерге жеке тұлғалық және басқарушылық біліктілігінің, сондай-ақ, мемлекеттік тілді игеру деңгейіне талаптар қойылып, соңғы талап Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ арқылы орындалатыны белгілі болған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ және Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен 16-28 мамыр аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусының кадрлық резервіне үміткерлері мемлекеттік тілді білу емтиханын тапсырды. Мемлекеттік тілді білу деңгейі ҚАЗТЕСТ сынағы арқылы анықталды. Тіл меңгеру деңгейін анықтау сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша өткізілді. Ұсынылған 150 тест тапсырмасын орындауға 150 минут (2 сағат 30 минут) берілді. Оның ішінде 30 тест тапсырмасы тыңдалым, 70 тапсырма лексика-грамматика, 50 тапсырма оқылым бөліктеріне тиесілі. Осыған байланысты тыңдап түсіну, оқыған материалды ұғыну және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесі анықталды.
Тест тілді жалпы меңгеру бағытында қалыптастырылған, яғни тестілеу нәтижесі бойынша тестілеуге қатысушылардың қазақ тілін қай деңгейге жақын меңгергендігін болжауға болады. Ал белгілі бір деңгейді (қарапайым – А1, базалық – А2, орта – В1, ортадан жоғары – В2, жоғары – С1 ) меңгеру дәрежесін анықтау тестілеуі деңгей талаптарына сәйкес тек сол деңгейді анықтауға ғана арналады. Халықаралық тіл білімін меңгеру деңгейін бағалау жүйелерінің тәжірибелеріне ұқсас ҚАЗТЕСТ сертификаттарын да алуға болады.
Тестілеуге жалпы саны 1123 мемлекеттік қызметші қатысып, олардың ішінде 1072 тестіленуші – қазақ, 31 адам – орыс, 4 адам – украин, 7 адам – татар, 3 адам – ұйғыр, 2 адам – неміс, 3 адам – кәріс, 1 адам – армян ұлтының өкілдері болды. Сауалнама бойынша 1123 тестіленушінің 370-і бұған дейін ҚАЗТЕСТ байқау сынағын тапсырып көрген болса, 753 тестіленуші бірінші рет тапсырғандығын мәлімдеді.  
Тестілеу нәтижесі бойынша жоғары деңгей дәрежесін 8 мемлекеттік қызметші көрсетсе, ортадан жоғары деңгейге жақын 209, орта деңгейге жақын 323 тестіленуші анықталды, базалық деңгейге жақын көрсеткішті 484 адам, ал 99 мемлекеттік қызметші қарапайым деңгейге жақын нәтиже көрсетті.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх