Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Жаңадан ашылған Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары мемлекеттік тілден емтихан тапсырды
Жаңадан ашылған Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары мемлекеттік тілден емтихан тапсырды
2013 жылдың 20-25 мамыр аралығында Ұлттық тестілеу орталығы «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, ұйымның Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент қаларында жаңадан ашылған зияткерлік мектептерінің ұстаздар құрамы арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесінің негізінде тестілеу емтихандарын өткізді. Зияткерлік мектептер екі бағытта білім береді: физика-математика және химия-биологиялық бағыттар.
Тілдік тестілеу емтиханын сөйлеу әрекетінің үш түрі: тыңдап түсіну (тыңдалым), оқып түсіну (оқылым) және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша тапсыру ұсынылды. Бір нұсқада 150 тест тапсырмасы бар, 150 минут уақыт беріледі. Оның ішінде 30 тест тапсырмасы тыңдалым бөлігіне, 70 тапсырма лексика-грамматикалық бөлік және 50 тест тапсырмасы оқылым бөлігіне тиесілі. Тестілеу емтихандарына барлығы 351 адам қатысты.
Емтихан нәтижесінде тестілеуге қатысушы ұстаздардың мемлекеттік тілді қандай деңгейге жақын меңгергендігі анықталады. Бұл нәтиже ұстаздар құрамының қазақ тілін одан әрі тереңірек меңгеруге ықпал етеді, тілді оқыту курстары жүйеленеді. Жыл соңында ұстаздар қазіргі нәтижелерінен бір саты жоғары деңгейдің сертификатын иемденуге тест тапсырады, яғни зияткерлік мектептер ұстаздары мемлекеттік тілді меңгеру бойынша сертификатталған болады.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымында мемлекеттік тілді меңгеру мәселесіне үлкен мән беріледі. Ұйым өзінің ұстаздар құрамының мемлекеттік тілді меңгеруі арқылы мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесін қосып отыр. Орта білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде ұйымның атқарып отырған іс-шарасы өзге орта білім мекемелеріне үлгі боларлықтай.
Айта кету керек, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы өз ұстаздарының мемлекеттік тілді меңгеруін қадағалап, тіл меңгеру деңгейін анықтау емтихандарын 2010 жылдан бастап биыл үшінші жыл қатарынан өткізіп келеді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх