Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарламаны енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті
Қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарламаны енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 17 тамызында Астана қаласында қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасын қолданысқа енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге белгілі ғалымдар, мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының басшылары, әдіскерлері, орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілді дамыту басқармаларының басшылары, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының бастықтары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты қазақ тілі кафедрасының оқытушылары, Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Тіл комитеті мен Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері қатысты.
Қазақ тілін оқытуға арналып әзірленген типтік бағдарлама жобасын Тіл комитетінің тапсырысымен үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі» негізінде қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу жобасы аясында Ұлттық тестілеу орталығы әзірледі.
Типтік бағдарламаны әзірлеудің жұмыс тобы мемлекеттік тілді оқытудың барлық өңірлік орталықтарының оқу-жұмыс бағдарламаларының, әдістемелік кешендердің және тағы да басқа оқу құраладарының авторы болып табылатын әдіскерлері мен оқытушыларынан, Қазақстанның жоғары оқу орындарының беделді, елге танымал практикалық қазақ тілі саласындағы филолог ғалымдардан, тіл саясаты төңірегіндегі қызметкерлерден, жобаны ұйымдастырушы қызметкерлерден тұрады. Жұмыс тобы қолданыстағы барлық қазақ тілін оқытудың білім берудің өзге де салаларындағы типтік бағдарламадарды, жұмыс-оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді, халықаралық тәжірибелерді зерделеп, ғылыми ізденіс жасады. Ағымдағы жылы бір жылдық еңбектен соң жұмыс тобы Астана қаласында 25-28 маусым аралығында бас қосып, 4 күндік семинар-кеңесте ортақ типтік бағдарламаның мазмұнын талдады.
Типтік бағдарламаның тәуелсіз сараптамасына білім берудің өзге салаларындағы типтік бағдарламалардың авторлары, қолданыстағы оқу-әдістемелік құралдардың авторлары, беделді жоғары оқу орындарының қазақ тілі кафедраларының меңгерушілері тартылды. Әрбір сарапшы сараптама нәтижесі бойынша сараптамалық қорытындыларын әзірледі. Сараптамалық қорытындылар негізінде типтік бағдарламаны әзірлеуші жұмыс тобының келісуімен типтік бағдарлама жобасына түзетулер енгізілді.
Қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасын қолданысқа енгізу бойынша дөңгелек үстел барысында жобаның кейбір тұстарына өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы, өзге де мүдделі мекемелер мен жекелеген ғалымдармен келісу ұсынылды.
Ендігі ретте, қолданысқа енгізілген соң барлық салалық жұмыс-оқу бағдарламалары осы типтік бағдарлама негізінде әзірленетін болады.
Аталған ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау міндетін орындау мақсатында атқарылып отыр.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх