Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қарағандыда қазақ тілін білуден емтихан өтті
Қарағандыда қазақ тілін білуден емтихан өтті
2013 жылдың 13-17 сәуір аралығында Қарағанды облысының Қарағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау қалалары мен Абай, Нұра, Бұхар жырау, Осакаровка аудандарының мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу емтиханын тапсырды.
Тестіленушілерге сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша (тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым) 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
Байқау тестілеуіне облыс бойынша жалпы саны 1176 адам, олардың ішінде:
1. Қарағанды қаласынан – 405;
2. Шахтинск қаласынан – 83;
3. Саран қаласынан – 56;
4. Теміртау қаласынан – 103;
5. Абай ауданынан – 109;
6. Бұқар жырау ауданынан – 164;
7. Осакаровка ауданынан – 129;
8. Нұра ауданынан – 127 адам қатысты.
Мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынтаны арттыруда ҚАЗТЕСТ жүйесінің ықпалын байқауға болады. Мемлекеттік қызметшілердің кадр резервін қалыптастырудың жаңа талаптарына сәйкес бұдан былай мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі де маңызды орынға шығатын болды. Оны анықтау ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы іске асырылады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх