Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейінен емтихан тапсырды
Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейінен емтихан тапсырды
Ағымдағы жылдың 14-16 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша байқау сынағы өтті.
Байқау сынағына жалпы саны 184 тестіленуші қатысты.  
Тестілеу емтиханы халықаралық тіл білімін бағалау жүйелеріне сәйкес сөйлеу әрекетінің екі түрі: тыңдалым және тілдің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша жүргізілді.
Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын өзге ұлт өкілдерінің үлесі тестіленушілердің 4,7% құрады. Тестіленушілердің 50 пайызынан астамы 30-45 жас аралығындағы орта жастағы қызметкерлер, 35,1% тестіленуші 20-30 жас аралығында. Жасы 45-60 аралығындағы қызметкерлердің пайыздық үлесі 9% құрайды.
Іс-шара 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында ұйымдастырылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх