Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама әзірленді
Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама әзірленді
Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарлама әзірледі.
Қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарлама Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарына сәйкес мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау мақсатында жасалып отыр.
Типтік бағдарлама қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша тілдік құрылымының қарапайымнан күрделіге қарай жіктеліп берілуімен ерекшеленеді. Мысалдар негізінде жүйеленген әрбір тілдік құрылымның элементтеріне сәйкес жағдаяттар келтірілді.  
Типтік бағдарлама жобасын филология ғалымдары мен еліміздің өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары бірігіп әзірледі.
Типтік бағдарламаның тәуелсіз сараптамасын білім берудің өзге саласындағы типтік бағдарлама, оқу жұмыс бағдарламасы авторлары жүргізді.
Ендігі ретте, кез келген сала бойынша қазақ тілін оқытудың оқу жұмыс бағдарламалары тек осы типтік бағдарлама негізінде әзірленетін болады.  
Типтік бағдарлама қазақ тілін оқытудың коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға (ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009) негізделген нормативтік құжат болып табылады.
Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу аясында жасалып отыр.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх