Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«БОЛАШАҚ» халықаралық стипендиясына үміткерлер мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ тапсыруда
«БОЛАШАҚ» халықаралық стипендиясына үміткерлер мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ тапсыруда
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тестілеуден өтуде.
Бүгінгі күнге дейін тестілеуге 282 үміткер қатысты.
Үміткерлерге қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылады. Оның ішінде 30 тест тапсырмасы – тыңдалым бөлігінен, 70 тест тапсырмасы – лексика-грамматикалық бөлік және 50 тест тапсырмасы – оқылым бөлігінен.
«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау тестілеуі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережесіне (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 шілдедегі № 573 қаулысы) сәйкес ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде 2008 жылдан бастап жүргізіліп келеді.
Үміткерлер мемлекеттік тілді меңгерудің минимальды талаптары бойынша тілді меңгергендігін растауы қажет.
ҚАЗТЕСТ тапсырмалары ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009 мемлекеттік стандарттарына сәйкес қалыптастырылады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх