Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларының екінші сараптамасы
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларының екінші сараптамасы
Ұлттық тестілеу орталығында 2012 жылдың 10-13 шілде аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының екінші сараптамасы өткізілуде.
Бірінші сараптамадан кейін тест тапсырмалары байқау сынақтарынан өткізілді және нәтижесінде жарамдылық  дәрежесі төмен тапсырмалар анықталды.
Екінші сараптаманы еліміздің барлық өңірлерінен практикалық қазақ тілі бағытында ғылыми ізденістері мен мақалалары бар жоғары оқу орындарының филолог ғалымдары өткізуде. Сараптаманың нәтижесі бойынша сараптамалық қорытындылар әзірленеді. Сараптамалық қорытындылар мен сарапшылардың түзетулері негізінде тест тапсырмаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Екінші сараптамаға ұсынылған тест тапсырмаларының жалпы саны – 4318 тапсырма. Бірінші сараптама Тест тапсырмаларының Техникалық спецификациясына сәйкес келмейтін тест тапсырмаларын анықтауға мүмкiндiк берсе, тест тапсырмаларының байқау сынақтары тіл меңгеруге тиімділігі төмен тапсырмаларды анықтауға септігін тигізеді.
Екінші сараптамада әрбір нұсқадағы тест тапсырмаларының мақсатқа лайықтығы зерттеледі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх