Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
tilkural250.jpg
Мақсаты: Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтихандарына дайындалудың оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу. Міндеттері: - ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1927-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, тіл меңгерудің деңгейлеріне анықталған тақырыптар мен Тест спецификациясы негізінде қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес оқу-әдістемелік құралдарының мазмұнын анықтау; - Емтиханға дайындалуға арналған сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша тіл қолданушының коммуникативтік құзыреттіліктерін сұрыптау; - Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша тест тапсырмаларының түрлерін келтіру және мысалдарды талдау арқылы тіл үйренушінің тілдік дағдыларының қалыптасуны ықпал жасау; - Халықаралық тіл меңгеру талаптарына арналып жасалған оқу-әдістемелік құралдармен біріздендіру мақсатында қазақ тілінің меңгеру деңгейлеріне сәйкес оқу-әдістемелік құралдарға тәуелсіз сараптамасын жасау. Тілді меңгеру кезеңдері тіл үйренуші үшін сол тілде сөйлеуге деген ұмтылысы барысында сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша бірнеше дағдылардың қалыптасуы арқылы өтеді. Айталық, тіл үйренуші сол тілде естігенін немесе тыңдағанын түсіну үшін сөздік қордың қалыптасқандығын, тілдік құрылымдарды түсініп, ажырата білу дағдысының қалыптасқандығын, естіген немесе тыңдаған ақпараттың жалпы мазмұнын түсіну үшін ондағы әрбір сөйлем элементтерінің орны мен мағынасын түсіну қабілеттерін қажет етеді. Оқып түсінгенін, сол тілде жаза білу қабілетінің және дұрыс сөйлей білу мүмкіндіктерінің талаптары да тілдік дағдылардың қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Сонымен, тілді меңгеру үшін сөз және сөз тіркестерінің минимальды қоры қалыптасуы керек, тілдің грамматикалық бірліктері арқылы әрбір сөйлемді дұрыс құрастыра білу мүмкіндігі қалыптасуы қажет. Тілді шет тілі немесе екінші тіл ретінде үйренудің әдістемелерінің негізі де осы қағидатқа бағытталған. Халықаралық тәжірибеде бәсекелестікке қабылетті әлемдік тілдердің барлығы дерлік түп негізінде осы бағытта түрлі оқу құралдарын, әдістемелерін тіл үйренушілерге ұсынады. Қазіргі таңда қазақ тілін меңгеру бағытында тіл үйренушілерге әртүрлі әдістемелер бойынша оқу құралдары, сөздіктер мен грамматикалық анықтағыштар, тіл меңгеруді бағалаудың құралдары, ақпараттық сүйемелдеулер мен медиа материалдар ұсынылып келеді. Тіл үйренушінің мүмкіндігі мен тілді меңгеру бағытында ыңғайлылығына қарай әр тәсілдің өз ерекшеліктері мен тиімділіктері де әртүрлі. Әлемде кең танымал ағылшын тілін үйренудің тиімді оқу құралдарының бірі ретінде ағылшын тілін шет тілі ретінде тест тапсырудың емтиханы TOEFL тапсырмаларын сәтті тапсырудың дайындық сабақтары мен тапсырмалардың тіл үйренушінің тіл үйрену барысындағы тілдік дағдылардың қалыптасуына көмек беретін оқу-әдістемелік құралдарын алуға болады. Білім саласындағы тікелей нәтижеге бағытталған білім берудің әдістемелерін тіл үйренуде де пайдалану өз жемісін беретінін осы тәжірибе дәлелдегендей. Тіл үйренуші тіл меңгеру сабақтары мен әдістері арқылы сол деңгейге қажетті тілдік құрылымдарды меңгерген соң дәл сол деңгейде тілді меңгергендігін растайтын емтихан бар екенін біледі, және ол емтихан мақсатына қарай әртүрлі талаптармен ұсынылатынын да біледі, сондықтан емтиханның тапсырмаларын түсіну арқылы тіл меңгерудегі білімін шыңдай түседі. Мұндай оқу-әдістемелік құралдар тест бөліктері, яғни тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық құрылым бөліктері бойынша тест тапсырмаларын талдау арқылы сөйлеу әрекетінің түрлеріне байланысты дағдылардың қалыптасуын нақтылайды. Тіл үйренушіге ыңғайлылық жолдары жылдармен тәжірибеленіп, алдымен кіріспе тест тапсыру арқылы өзінің тіл меңгеру дәрежесін анықтай алады, сосын әрбір бөлік бойынша мазмұны ұқсас тапсырмаларды бірнеше рет талдау арқылы тапсырманың мазмұнынын түсінеді, тапсырма мазмұнын түсіну арқылы оқулық тілдік құрылымды түсінуіне септігін тигізеді. Осы кезеңдерден соң тапсырмаларға қатысты жаттығулар беріледі. Бұл жаттығулар да тіл үйренушіге сол тілдің ерекшеліктерін түсінуге, қалыптасқан дағдыларды нақтылай түсуге көмектеседі. Қорытынды тест бөлігі алдыңғы кезеңдерде қалыптасқан тілдік құзіреттіліктерді тексеру тапсырмалары ретінде қарастырылады. Әрбір тест тапсырмаларының жауаптары оқу-әдістемелік құрал соңында қосымша ретінде беріліп отырады, яғни тіл үйренуші әрбір кезең сайын өзінің жауаптарын тексеріп отыруға мүмкіндігі бар, жаттығу бөлігіндегі тапсырмаларда тікелей жұмыс дәптері ретінде пайдалануға болатындай мүмкіндіктер қарастырылады. Әрине тыңдалым, жазылым секілді бөліктер үшін аудиоматериалдар компакт дискіде қосымша беріліп отырады. Бұл тәсіл де сол тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс қалыптасуына, тапсырмалардың маңыздылығы мен негізгі мән берілетін тұстарын, есте сақтау қабілеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ халықаралық жүйелермен ұқсастығы бар. ҚАЗТЕСТ жүйесі екі түрлі арнамен беріледі: бірі шет тілі ретінде тіл үйренушінің тіл меңгеру деңгейін бағаласа, енді бірі қазақ тілін екінші тіл ретінде бағалауға бағытталған. Тест құрамы тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық бөліктерден тұрады. Әрбір бөліктер бойынша тапсырмалар «өте оңай тапсырмадан күрделіге» қағидатын негізге ала отырып құрастырылған. Тест тапсырмаларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Тапсырмалардың өзі тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты күнделікті өмір мен адамзатты қоршаған ортаға негізделіп тілдік ортада тіл қолдану мүмкіндіктері салаларына бағытталған. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер дәрежесінде тіл меңгеру деңгейлерін бағалауға болады. Бұл деңгейлер халықаралық тіл меңгеру деңгейлеріне сәйкестендірілген. Деңгейден деңгейге өтуде сабақтастық қағидаты сақталып отырады, төменгі деңгейде белгілі бір тақырып бойынша өте қарапайым тапсырма берілсе, одан жоғары деңгейде дәл сол тақырып қарастырылып, бірақ сөздік қоры да күрделірек, тапсырма түрі де қиынырақ болып келеді. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың ерекшелігі жоғарыда айтылғандай тест құрамындағы сөйлеу әрекетінің түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылым бойынша тест тапсырмаларына тоқталып, талдап, қорытынды тест тапсыру арқылы тілдік дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Қазақ тілін меңгеруде өз тиімділігін берер деген ниетпен, тіл үйренушіге сәттілік тілейміз!

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх