Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
program.jpg
«Интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауы әзірлеудің негізгі мақсаттары: • әрбір тестіленуші үшін интерактивті режимде қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым және Лексика-грамматикалық құрылым бойынша емтихан өткізуді ұйымдастыру; • тестіленушілер мәліметтері қорын жүргізу, сүйемелдеу; • тест тапсырмалары мәліметтері қорын алып бару, сүйемелдеу; • емтихан ведомосттарын шығару; • тестілеу нәтижесі бойынша статистика жүргізу. «Интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауы бойынша үш қосымша жасалады: «Мәліметтер қоры» автоматтандырылған жұмыс орны, «Тестілеу процессін басқару» автоматтандырылған жұмыс орны және «Интерактивті тестілеу» автоматтандырылған жұмыс орны. «Мәліметтер қоры» автоматтандырылған жұмыс орны қосымшасы тест тапсырмаларын сақтауға, түзетуге және қажеттілігіне байланысты тасымалдауға арналған. Алғашқы ақпараттар электронды түрде MS Word форматтағы құжат түрінде, графикалық JPEG/PNG форматы түрінде, дыбыстық MP3 форматы түрінде «Интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықттауына берілуі тиіс. Электрондық мәліметтер «Интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауының Мәліметтер қорына импортталуы тиіс. «Тестілеу процессін басқару» автоматтандырылған жұмыс орны қосымшасы интерактивті байқау тестілеуіне қатысушыларды тіркеуге, тест нұсқаларын қалыптастыруға және емтихан ведомосттарын басып шығаруға арналған. «Интерактивті тестілеу» автоматтандырылған жұмыс орны қосымшасы интерактивті байқау тестілеуін өткізуге арналған.

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх