Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

1. ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған Тест тапсырмаларының спецификациясы

Тест тапсырмаларының спецификациясы – ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларының әзірлемешілеріне арналған ҚАЗТЕСТ жүйесінің нормативтік құжаттарының бірі.

Тест спецификациясы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етуші шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест тапсырмаларын әзірлеу негіздерін анықтауға бағытталған.

Міндеттері:

1. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест құрылымын халықаралық тіл білімін бағалау жүйелерінде қалыптасқан үлгілерге сәйкес тілді меңгеру әрекетінің түрлері – тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым, жазылым бөліктері бойынша анықтау.

2. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерін анықтайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының талаптарына және педагогикалық өлшеулер теориясына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест тапсырмаларының қорын қалыптастыру.

3. Тіл қолданушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейлерін анықтау үшін тест материалдарының мазмұны мен тақырыптарын анықтау.

Тест спецификациясы тест материалдарын келесі белгілері бойынша реттейді: 

Бөлік атауы

Деңгейлер атауы

Қарапайым

Базалық

Орта деңгей

Ортадан жоғары

Жоғары

Тыңдалым

бөлігі

Мәтін көлемі:

1 сөйлем –

10 сөйлем

5-20 сөйлем

10-30 сөйлем

10-30 сөйлем

20-40 сөйлем

1 мәтінге ұсынылатын тапсырма саны

1-5

2-8

3-12

4-12

7-15

Лексика-грамматика бөлігі

Фонетика – 4 тапсырма, лексика – 2, морфология – 24, сан есім – 8, сын есім – 2, есімдік – 6, етістік – 14, үстеу – 2, шылау – 4, оқшау сөздер – 2, одағай – 2

Фонетика – 4 тапсырма, лексика – 4, морфология – 24, сан есім – 4, сын есім – 4, есімдік – 16, етістік – 6, үстеу – 4, шылау – 2, одағай сөздер – 4

Лексика – 4, морфология – 14, сан есім – 6, сын есім – 4, есімдік – 6, етістік – 10, үстеу – 2, шылау – 20, одағай сөздер – 2, оқшау сөздер - 2

Лексика – 4 тапсырма, морфология – 2, сан есім – 4, сын есім – 4, етістік – 30, үстеу – 10, шылау – 6, құрмалас сөйлем - 10

Лексика – 14 тапсырма, етістік – 30, оқшау сөздер – 2, автор сөзі мен төл сөз – 2, құрмалас сөйлем - 22

Оқылым

бөлігі

Мәтін көлемі

1 сөйлем –

100 сөз

5 – 10 сөйлем

200-400 сөз

300-400 сөз

400-600 сөз

1 мәтінге ұсынылатын тапсырма саны

2-5

5-6

7-12

12-13

15-20

Жазылым

бөлігі

Мәтін көлемі:

60-80 сөз

80-100 сөз

150-250 сөз

250-300 сөз

30-35 сөйлем

Тапсырма түрі

Диктант,

2 тапсырма

Диктант,

3 тапсырма

Мазмұндама,

3 тапсырма

Мазмұндама,

4 тапсырма

Эссе,

3 тапсырма 

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх