Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

2018 жылғы 12 қазан күні ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының басшылығы үздік британдық білім беру үлгісінде құрылған «Haileybury Almaty» коммерциялық емес АҚ-ның өкілдерімен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты – «Haileybury Almaty», «Haileybury Astana» мектеп түлектерінің ағылшын тілін жетік меңгеруімен қатар, мемлекеттік тіл – қазақ тілін қай деңгейде білетіндігін бағалау үшін жоғары сынып оқушыларына ҚАЗТЕСТ сынағын өткізу, олардың мемлекеттік және шет тілдерін меңгеруге негіз болатын халықаралық біліктілік сапаларымен қамтамасыз ету және аталған мәселелер бойынша Орталықпен өзара ынтымақтастық жөнінде келісім жасау.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.С.Әлімқұлов шетелдік қонақтарды Орталықтың құрылымымен, тілдік білімді бағалаудың халықаралық жүйелері талаптарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын ҚАЗТЕСТ жүйесімен таныстырды.

ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы М. Мұқаметқали ҚАЗТЕСТ-тің құрылымы мен қолданылу аясына, басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық құжаттарына, тестілеу түрлеріне тоқталды.

 1.jpg

«Haileybury Almaty» халықаралық мектебі директорының орынбасары John Coles және Қамқоршылық кеңестің мүшесі Philip Cottam білім ордасының ашылу сәтінен бастап, қазақ тілінің қолданыстық аясын кеңейту мектептің басым бағыттарының біріне айналғандығын атап өтті. Осыған орай, қазіргі формат бойынша жалпыға ортақ әлемдік стандарттарға сәйкес білім алушылардың қазақ тілінен білімін сырттай бағалау қажеттілігін негіздеді.

«Haileybury Astana» халықаралық мектебі Қазақ тілі департаментінің басшысы Гүлшат Жұмағалиева ҚАЗТЕСТ жүйесінің бұл саладағы көп жылдық тәжірибесін ескере келе, халықаралық стандарттарға сәйкес 11-сынып оқушыларына қазақ тілінен сырттай емтихан өткізу мен ұйымдастыруға байланысты ынтымақтастық құру мәселесін көтерді. Осылайша аталған мектепті бітірген мектеп түлектері ағылшын тілінің халықаралық тестілеу жүйесі – IELTS-пен бірге қазақ тілін В1 (орта) деңгейінде меңгергендіктерін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификатын алуды көздеп отыр.

Іс-шара барысында халықаралық мектеп ұжымы            11-сынып оқушыларының қазақ тілінен тілдік білімін бағалау мақсатында ҚАЗТЕСТ тестілеуінен жыл сайын өткізуге ниетті екендігін білдірді. 

Кездесу соңында «Haileybury Almaty», «Haileybury Astana» халықаралық мектебінің басшылығы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен өзара серіктестікке дайын екендерін жеткізді және өзара ынтымақтастық меморандумын жасау туралы шешім қабылдады.

 2.jpg

2019 жылғы 25  ақпанда Ұлттық тестілеу орталығы мен «Haileybury Almaty», «Haileybury Astana» халықаралық мектептері арасында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх