I бөлік – Тыңдалым (30 тапсырма).
Мәтін көлемі деңгейге сәйкес әртүрлі болады (қысқа, шағын, орташа, ұзақ)
А1, А2 деңгейлерінде ұсынылатын мәтін мазмұны:
• ауызекі сөйлеу тілі негізінде құралған диалогтер;
• мәдени-тұрмыстық диалогтер;
• сипаттамалық мәтіндер;
• баспасөзден бейімделіп алынған сұхбаттар.
В1, В2, С1 деңгейлерінде ұсынылатын мәтін мазмұны:
• БАҚ материалдары;
• әлеуметтік-мәдени саладағы диалогтер;
• әлеуметтік-тұрмыстық саладағы диалогтер;
• ресми-іскери саладағы диалогтер;
• іс қағаздар үлгілері;
• ғылыми-саяси саладағы сұхбаттар.
Тест тапсырмалары тестіленушілердің төмендегі дағдыларын бағалауға арналған:
• сөздік қорды пайдалануы (диалогті жалғастырыңыз);
• негізгі ойды түсіну (диалогтің мазмұнын анықтаңыз);
• ақпаратты жіктеу (диалогке сәйкес/сәйкес емес ақпаратты табыңыз);
• қажетті деректерді таба алу (диалог қайда/ қашан/ кімдердің арасында өткенін анықтаңыз);
• түйіндеу (мәтіннің түйінін табыңыз);
• қорытындылау (мәтіннің қорытындысын көрсетіңіз);
• іс-әрекеттің себебін таба алу (оқиғаның басталу себебін табыңыз);
• көзқарас қалыптастыру (сұхбаттасушының көзқарасын анықтаңыз).
II бөлік – Лексика-грамматикалық құрылым (70 тапсырма).
Тапсырмаларда қазақ тілінің фонетикасы, морфологиясы, лексикасы, грамматикасы қамтылған.
Деңгей жоғарылаған сайын тапсырма түрі де күрделене түседі. А1 деңгейінде сан есімге арналған тапсырмалар 1-100 сандары аралығында болып, сан есімнің қарапайым түрлерін сұрайды: - бір, екі, үш (есептік сан есім)- бірінші, екінші, үшінші (реттік сан есім).
А2 деңгейінде 100-ден жоғары сандар және жинақтық, бөлшектік түрлері, бұдан да жоғары деңгейлерде өзге түрлері мен күрделі сан есімдер, олардың сөйлемдегі қызметі сұралады.
Жауап нұсқаларындағы ақпараттардың қызықты, заманауи, шынайы болуы, күнделікті өмірде кездесуі қадағаланады. Бұл да, өз ретінде, қазақ тілінің функционалдылығын арттыруға септігін тигізеді.
Тапсырмалар терминдерсіз көпшілікке түсінікті сөздермен беріледі:
• келер шақ (алдағы уақытта орындалатын әрекетті табыңыз);
• өткен шақ (бұрын орындалған іс-әрекетті көрсетіңіз);
• осы шақ (дәл қазір орындалып жатқан іс-әрекетті көрсетіңіз);
• омоним (айтылуы бір, мағынасы басқа сөздерді көрсетіңіз);
• синоним (мағыналас сөздерді анықтаңыз);
• антоним (мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңыз);
• біріккен сөз (екі сөздің бірігуі арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз).
III бөлік – Оқылым (50 тапсырма).
Мәтіндер журнал, газет, оқулық, көркем әдебиеттерден алынады.
А1, А2 деңгейлерінде ұсынылатын мәтін мазмұны:
• Хабарлама мәтіндер (смс, хаттар, хабарлама, жарнама т.б.);
• мәдени-тұрмыстық мәтіндер;
• қысқаша сипаттамалық мәтіндер;
• түрлі жанрдағы қызықты мәтіндер т.б.
В1, В2, С1 деңгейлерінде ұсынылатын мәтін мазмұны:
• сипаттау, баяндау, пайымдау элементтері бар баяндаулар;
• ғылыми-зерттеу мәтіндері;
• ақпараттық-сипаттау мәтіндері;
• көркем әдебиет, әңгіме, повестерден үзінділер т.б.;
• ақпараттық-регламенттік сипаттағы мәтіндер.
Тест тапсырмалары тестіленушілердің төмендегі дағдыларын бағалайды:
• жазушының көзқарасын, жеке пікірін анықтай алу;
• Негізгі ақпаратты ажырата алу;
• оқиға мен фактінің логикалық байланысын түзе алу;
• белгілі бір сипаттары бойынша ақпаратты топтастыра алу;
• атау мен көркем құралдар бойынша мәтін мазмұнын болжау;
• басты ойды анықтау;
• қиын сөйлемдерге түсініктеме бере алу;
• субъективтік ақпараттан объективтік ақпаратты айыра алу;
• керекті фактілерді (мысалдар, дәлелдер, уәж) таба алу т.б.
IV бөлік – Жазылым (2-4 тапсырма).
А1 деңгей:
• Мәтін түрі – бейімделген сюжетті мәтіндер;
• Мәтін көлемі (сөз саны) – 60-80 сөз (диктант);
• Мәтін мазмұны – әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-тұрмыстық сала.
А2 деңгей:
• Мәтін түрі – бейімделген баяндау, хабарлау, аралас түрдегі сюжетті мәтіндер, диалогтер;
• Мәтін көлемі (сөз саны) – 80-100 сөз (диктант);
• Мәтін мазмұны – күнделікті қарым -қатынас, әлеуметтік-мәдени және оқу саласы.
В1 деңгей:
• Мәтін түрі – баяндау, сипаттау, хабарлау, сондай-ақ пайымдау элементтері бар аралас түрдегі мәтіндер (диаграмма, кесте және т.б.);
• Мәтін көлемі (сөз саны) – 150-250 сөз (мазмұндама);
• Мәтін мазмұны – мәдени-әлеуметтік сала.
В2 деңгей:
• Мәтін түрі – Эмоционалды-экспрессивті бағалау құралдары пайдаланылған бейнелеу, хабарлау түріндегі мәтіндер;
• Мәтін көлемі (сөз саны) – 250-300 сөз (мазмұндама);
• Мәтін мазмұны – әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және ресми-іскери салалар.
С1 деңгей:
• Мәтін түрі – Бейімделмеген, жағдаяттық-тақырыптық;
• Мәтін көлемі (сөз саны) – 300-350 сөз (эссе);
• Мәтін мазмұны – күнделікті қарым-қатынас үшін өзекті әлеуметтік-мәдени, ғылыми, ресми-іскери және оқу салалары.
Жазылым тапсырмалары тестіленушілердің төмендегі дағдыларын бағалауға арналған:
• орфография мен пунктуацияны сақтап, сөйлемді дұрыс жазу (диктант жазу);
• жай сөйлемдерді құрастыру (сұрақтарға жауап беру);
• мағыналас сөздерді пайдалану;
• ақпаратты өздігінен түсініп, оны сараптап, дұрыс таңдау (диалог құру);
• сұрақ қойып, оған өз ойы мен пікірін бере білу (диалог құру);
• мәтінге жоспар құру (мазмұндамаға жоспар құру);
• тыңдалған мәтіннен негізгі мәліметтерді, мәтіннің мәнін логикалық түрде жазу;
• мәтін бойынша өз ойын, көзқарасын, пікірін аргументтерді пайдалана отырып жазу (мазмұндама жазу);
• тақырыпты өз сөзімен ашып, логикалық түрде ойын жеткізе білу, сөз етіп отырған жайды рет-ретімен, ұсынылған тірек сөздерді қолданып, жүйелі баяндау (эссе жазу);
• айтылған пікірді жинақтап, тұжырымдап, қорытынды жасау.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz