Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

Логотип КАЗТЕСТ JPEG.jpg

ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.

ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы» мақұлданды. Тұжырымдамада ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту бағыттары анықталды. Тұжырымдама негізінде Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында арнайы құрылымдық бөлімше ретінде жұмысын бастады.

ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы қазақ тілін білу деңгейін бағалау мақсатында кешенді тестілеуді өткізу жөніндегі іс-шаралар үшін негіз болып табылады, сондай-ақ жүйені енгізу жөніндегі заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілердің және нысаналы бағдарламалардың негізгі бағытын айқындайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4-бабында Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы болып анықталған.

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы №1122 қаулысымен бекітілген 2007 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен оның бәсекелестігін арттыру тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Қазіргі кезде тестілеудің мемлекеттік стандартына сәйкес тілдік білімді бағалаудың отандық жүйесін құру және осы жүйенің құрылымын, мазмұнын, ұйымдастыру және басқару тетіктерін қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады.

Аталған Тұжырымдаманың мәні Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесін енгізу және жүйені іске асыру жөніндегі базаны қалыптастыру болып табылады.

Тұжырымдамада ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамытудың негізгі бағыттары анықталады, сондай-ақ жүйенің даму жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.

ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы 

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

Онлайн-тестілеу

Ақпараттық материалдар

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх