ҚАЗТЕСТ жүйесінің тұжырымдамасы анықталған күннен бастап Ұлттық тестілеу орталығында арнайы сектор өзінің жұмысын бастады. Арнайы бөлімнің негізгі қызметі – жүйеге арнап тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру жұмыстары.
2008 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінде бекітілгеннен кейін, Ұлттық тестілеу орталығында ҚАЗТЕСТ жүйесін дамытып, аталған тұжырымдаманың мақсат-міндеттерін орындайтын Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы құрылды.
ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасы тест тапсырмаларын қалыптастырумен қатар, олардың сапасын арттырудағы ғылыми ізденістер, олардың тәжірибелік пайдалануды ұйымдастыру, елдегі тіл саясатына септігін тигізетін негізгі тетік ретінде ҚАЗТЕСТ жүйесі туралы мағлұматтар мен ақпараттарды қоғамға жеткізу мен насихаттау, жүйені жетілдіру мақсатында ғылыми мақалалар әзірлеп, ғылыми ортада талқылауларға қатысу, нәтижеге бағытталған білім беру қағидатына сәйкес жүйе бойынша тест тапсырып, тілді меңгеру мақсатында тілді тиімді үйретуде әдістемелерді жетілдіру мен елдегі қазақ тілін оқыту үдерістеріне септігін тигізу алғышарттарын әзірлеу, тілдерді дамыту мен қолданудың іс-шараларында негізгі тетік ретінде орындау мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастырумен айналысып келеді.
ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасы екі ғылыми-әдістемелік зертханадан және оларды ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуші арнайы бөлімнен тұрады.
Тест тапсырмаларын қалыптастыру ғылыми-әдістемелік зертханасы ҚАЗТЕСТ жүйесіне арнап әзірленетін сапалы тест тапсармаларының қалыптасуына тікелей жауапты болса, Тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасы тест нұсқаларының мақсатқа лайықтау жұмыстарын атқарады.
Тест тапсырмаларын қалыптастыру ғылыми-әдістемелік зертханасы жалпы білім сапасын бағалаудағы өлшеу-бағалау құралдарының ерекшеліктері, олардың түрлері мен қасиеттері, теориялық және практикалық қолданысы, тілдік білімді бағалаудың тапсырмалар мен оның ерекшеліктері, халықаралық тәжірибелер сияқты ғылыми-әдістемелік жұмыстармен айналысады.
Ғылыми-әдістемелік зертхана сарапшылары қазақ тілінің білікті мамандары бола тұра, жоғарыда аталған жұмыстарды атқару үшін біліктіліктерін арттырып, осы саланың әмбебап маманы дәрежесіне дейін көтерілді.
Тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасы тест нұсқаларын қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес мақсатты топтарды анықтап, ұйымдастыру технологиясын жетілдіріп, нұсқалардың мақсатты аудиторияға лайықтығын зерделеп, тест нұсқасындағы әрбір тест тапсырмасының статистикалық қасиеттерін анықтау арқылы тестілеу технологиясын жетілдіріп қана қоймай, тест тапсырмаларының сапасын арттыруда үлкен ізденістер атқарады. Ғылыми- әдістемелік зертхана мамандары халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің тәжірибелерін зерттеу негізінде, олардың негізгі қағидаттарының ҚАЗТЕСТ жүйесіне қажетті тұстарын енгізудің алғышарттарын әзірлейді.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz