Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

Логотип КАЗТЕСТ JPEG.jpg






ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі

 

ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ретінде 2006 жылы Ұлттық тестілеу орталығының базасында құрылған. 

ҚАЗТЕСТ - халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің, атап айтсақ, TOEFL, IELTS (ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі), TÖMER (түрік тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі), ТРКИ (орыс тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі) сияқты жүйелердің қағидаттары мен талаптарына негізделген, азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі.

 ҚАЗТЕСТ-тің құрылымдық жүйесі 4 блоктан тұрады:

Тыңдалым – диалогтар және монологтарды есту арқылы түсінгенін анықтауға арналған 30 тапсырма;

Лексика-грамматикалық құрылым – грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған 70 тапсырма;

Оқылым – әртүрлі мазмұнды, түрлі стильдегі мәтіндерді оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған 50 тапсырма;

Жазылым – тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты диктант, мазмұндама және эссе жазу, 2-4 тапсырма.

  ҚАЗТЕСТ жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі  тест тапсырмаларын әзірлеу  және оларды қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында тестілеу өткізу үшін қолдану.

Тест тапсырмаларын әзірлеу жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің  2005 жылғы 3 қа­­зандағы «Қазақ тілін білу деңгейін баға­лау жүй­есін жасау және соның негізінде оқыту әдіс­теме­сін әзірлеу» жөніндегі № 24-5/007-321 хаттамалық шешімі негізінде жүргізілуде. Қазіргі уақытта тестіленушілердің тілдік білімін бағалау-өлшеу құралдарының белгілі бір қоры қалыптастырылды. Бүгінге дейін тілші ғалымдардың, әдіскерлердің, тестология саласының мамандарымен (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Назарбаев Университеті», С. Демирел атындағы университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,                           А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының мамандары) ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 100 мыңнан астам тест тапсырмаларының қоры әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Тест материалдарының мазмұны «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттарымен  (СТ РК 1926-2015, СТ РК 1928-2015, СТ РК 1927-2015, СТ РК 1925-2015, СТ РК 1929-2015) реттелген.

Тест тапсырмаларын әзірлеуші мамандар мен сарапшыларға қойылатын талаптарды күшейту мақсатында 2017 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшы мамандар                кон­курстық негізде іріктелініп алынуда.

Жыл сайын Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын әзірлейтін және сараптама жасайтын мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруда. Соңғы 3 жылда аталған мамандар үшін ТРКИ орталығының маманы, Түркия Республикасы TÖMER орталығының (Түрік тілін оқу, зерттеу және тәжірибе орталығы) директоры Незир Темурдің,  М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, белгілі тестолог В.С. Аванесовтың, «Назарбаев Университетінің» профессоры, филология ғылымдарының докторы З, Күзекованың,               С. Демирель атындағы университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М. Жолшаеваның авторлық курстары ұйымдастырылды.     

 ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу келесі нормативтік құқықтық құжаттар:

- Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың       2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын арналған мемлекеттік бағдарламасы;

-  Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары;

- ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу технологиясы негізінде жүзеге асырылады.

ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін меңгерген азаматтардың үлесін арттырудың  нысаналы индикаторы ретінде айқындалған.

2019 жылдан бастап  «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808  қаулысына сәйкес 2019 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» қызметі  мемлекеттік тапсырыс ретінде қарастырылған.

Соңғы 3 жылдағы статистикаға сүйенсек, 2016 жылы 73 732 адам, 2017 жылы 94 578 адам, 2018 жылы - 73 341 адам  тестілеуден өтті.

Қазіргі уақытта ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша  тестілену:

-  «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервіне үміткерлері;

-   халықаралық «Болашақ» стипендиясына үміткерлер;

-  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері;

-  Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің академиясына үміткерлер;

-  халықаралық «Хейлибери-Астана», «Хейлибери-Алматы»   мектептерінің 11-сынып оқушылары  үшін міндеттелген тест болып отыр.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар

Орталықта бағалау-өлшеу құралдарын жасаумен қатар қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытуға арналған оқу құралдарын әзірлеу бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс белсенді жүргізілуде.  

ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында                2011-2018 жылдар аралығында үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде Назарбаев Университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен ғалымдары, халықаралық «Haileybury» мектебінің тәжірибелі тіл мамандарын жұмылдыруымен қазақ тілін оқытуға арналған 5 деңгейлік оқулықтар, ҚАЗТЕСТ тестілеуіне дайындалуға арналған оқу құралдары жарыққа шықты.

Алғаш рет ересек тұрғындарға арналған қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес қажетті лексикалық минимумы, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің минимальды қоры қалыптастырылды.

Мемлекеттік стандарттардың негізінде республика аймақтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қатысуымен типтік бағдарлама әзірленді. Нәтижесінде, ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу арқылы ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді меңгертудің стандартталған әдіснамасы мен бағалау технологиясы қалыптасты.

Бүгінгі күнде республикамыздағы барлық Тіл оқыту орталықтары ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде әзірленген оқу құралдарымен тіл үйренушілерді оқытуда.

Сонымен бірге, аталған оқулықтармен Будапешт университеті, Польшадағы А. Мицкевич университетінің студенттері де оқуда.

Қазіргі уақытқа дейін тіл үйренушілерге арналған 26 оқу-әдістемелік құрал әзірленіп, жарыққа шықты.

 Халықаралық ынтымақтастық

ҚАЗТЕСТ жүйесін әлемдік тілдік білімді бағалау жүйелері деңгейіне көтеру мақсатында Ұлттық тестілеу орталығы ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – TOEFL-ды әзірлейтін ETS Global ұйымымен; Түркия Республикасы Түрік тілін оқыту, зерттеу және қолдану орталығымен (TOMER); М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы ТРКИ (Тест по русскому языку как иностранному) орталығымен, халықаралық «Хейлибери» мектептерімен ынтымақтастық орнатты.



Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх