Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

В2 – ЖАЗЫЛЫМ - Изложение


2-тапсырма – 15 мин. 

Сұраққа өз ойыңызды жазыңыз.

 

1. Диқаншы неге таң қалады?

_________________________________________________________________________

 

 2. Патша елге қандай жарлық береді?

_________________________________________________________________________

 

  3. Қарияның жас көрінуінің себебі неде деп ойлайсыз?

_________________________________________________________________________

 

3-тапсырма – 15 мин. 

Сурет туралы әңгімелеңіз (6 сөйлем).

 

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

 

Адал жар

Бірде бір диқаншы егін егіп жатып, жұдырықтай дән тауып алды. Бұрын-соңды мұндай үлкен дән көрмеген екен. Оны патшаға апарады. Патша да жұдырықтай дәнді көріп, таңғалады. Ненің дәні екенін ешкім білмейді. Патша елге жарлық береді:

– Бұл дәннің сырын тапқан адамға ат басындай алтын беремін, – дейді. Патшаның уәзірі:

– Осы елде көпті көрген, көп естіген қария бар. Содан сұрайық, – дейді. Патша уәзірі екеуі атына мініп, қарияның үйіне барады. Барса, қария жетпіске таяп қалған қарт екен. Патша:

– Ақсақал, мынадай үлкен дән таптық. Ненің дәні екенін, қайдан келгенін білмей отырмыз. Көп жасаған қариясыз. Сырын бір білсе, сіз білерсіз деп келіп тұрмыз, – деді. Ақсақал дәнді олай бір, бұлай бір айналдырып көріп:

– Бұл дән менің өмірімде кездеспепті. Мына қырдың астында әкем тұрады. Сол кісіден сұраңдар. Мүмкін сол біліп қалар, – дейді. Патша нөкерлерін ертіп шалдың әкесіне барады. Келсе, қарияның әкем дегені елуді еңсерген кісіге ұқсайды. Еш өңін бермепті. Патша оған жұдырықтай дәнді көрсетеді. Ол дәнді әрі-бері қарап көріп:

– Бұл дәнді бұрын-соңды көрмедім. Ненің дәні екенін білмедім. Мынау сайда менің әкем бар. Соған апарып көр, бір білсе, әкем білер, – дейді. Патша сайды жайлаған ауылға келіп түседі. Алдарынан жасы отызға таяу жігіт ағасы шығады. Патша іздеген адамын сұрайды. Жігіт:

– Іздегенің мен едім. Қырды жайлаған менің балам. Ал анау бірінші кезіккен адамың менің немерем болады. Жігіт болып көрінсем де, жасым жүз отызда, – дейді. Патша оған жұдырықтай дәнді көрсетеді. Жігіт оны көрген бойда:
     – Еһ, жарықтық, бар екенсің ғой. Мен сені тұқымың біржола құрып кетті ме деп едім, – деп дәнді алып жылай берді. Патша мен уәзірі түк түсінбеді. Сәлден соң жігіт:

– Біздің кезімізде бидайдың дәні осындай, жұдырықтай болатын. Құдай біздің пейілімізге жердегі жемісті үлкен етіп берді. Ол замандағы адамның да көңілі кең болатын. Ел кедей, бай болып бөлінбейтін. Кейін адамдар әдептен, ардан аттаған соң, Құдай пейілдерін алып, олардың несібесін де қысқартты. Мынау – сол заманда жеген бидайдың дәнегі, – деді. Патша:

– Мен бір нәрсеге таңмын. Біздің алғашқы барған қария сенің немерең екен. Түрі жетпістегі қарттай. Екінші көргеніміз сенің балаң екен. Түріне қарасаң, елуді еңсерген азаматқа ұқсады. Ал сен отыздағы жігіттейсің. Сыры неде? – деп сұрайды. Жігіт мырс етіп күліп:

– Ерді жасартатын да, жақсартатын да – жары. Жарың жақсы болса, көңілің жайдары, жас көрінесің. Алғаның жаман болса, немерем сияқты тез қартаясың. Менің жұбайым – жайлы адам, деген екен.

     (360 сөз)

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх