Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Standart version
Файл: 
Loading Player

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ

ТЫҢДАЛЫМ

1-БӨЛІМ

 

1-тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Салтанат ертең қайда барады?

А) досының туған күніне

В) анасының туған күніне

С) әкесімен тауға

Д) сыйлық алуға

 

2-тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Сабыр киноға нешеде барады?

А) 12.30-да

В) 14.30-да

С) 22.30-да

Д) 10.30-да

 

3-тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Суретшінің телефон нөмірі қандай?

А) 87024671133

В) 87015541244

С) 87025467124

Д) 87074677133

 

4-тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Сәуле қай аспапта ойнай алады?

А) фортепианода

В) домбырада

С) гитарада

Д) қобызда

 

 

 

 

2-БӨЛІМ

5-тапсырма. Сәйкес нұсқаны таңдаңыз. (n белгісін қойыңыз)

 Салтанат сейсенбі күні қайда барады?

 

Дұрыс жауап

A. жүзу үйірмесі

 

B. драма үйірмесі

 

C. вокал үйірмесі

 

Д. дизайнер сабағы

 

 

6-тапсырма. Сәйкес нұсқаны таңдаңыз. (n белгісін қойыңыз)

Салтанат қай күні үйірмеге бармайды?

 

Дұрыс жауап

A. дүйсенбі

 

B. сәрсенбі

 

C. жексенбі

 

Д. жұма

 

 

7-тапсырма. Сәйкес нұсқаны таңдаңыз. (n белгісін қойыңыз)

Сабина немен айналысуды жақсы көреді?

 

Дұрыс жауап

A. кітапты сыйлауды

 

B. кітап оқуды

 

C. кітап сатып алуды

 

Д. кітапқа сурет салуды

 

 

8-тапсырма. Сәйкес нұсқаны таңдаңыз. (n белгісін қойыңыз)

Сабина қандай тақырыптағы кітаптарды сирек оқиды?

 

Дұрыс жауап

A. фантастикалық шығармаларды

 

B. махаббат туралы

 

C. тарихи романды

 

Д. ертегілерді

 

 

 

9-тапсырма. Сәйкес нұсқаны таңдаңыз. (n белгісін қойыңыз)

Алтын адам қай дәуірде өмір сүрген?

 

Дұрыс жауап

A. қола дәуірі

 

B. мұз дәуірі

 

C. темір дәуірі

 

Д. ағаш дәуірі

 

 

10-тапсырма. Сәйкес нұсқаны таңдаңыз. (n белгісін қойыңыз)

Алтын адамның киімі қалай безендірілген?

 

Дұрыс жауап

A. 4 мыңға жуық күміс әшекеймен

 

B. 4 мың алтын-күміс заттармен

 

C. 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен

 

Д. 4-5 мыңға жуық ағаш әшекейлермен

 

 

3-БӨЛІМ

11-тапсырма. Дұрыс жауапты белгілеңіз. (n белгісін қойыңыз)

Шарын шатқалы Қазақстанның қай жағында орналасқан?

 

 

 

Дұрыс жауап

А.

Солтүстік Қазақстанда

 

В.

Шығыс  Қазақстанда

 

С.

Батыс Қазақстанда

 

Д.

Оңтүстік Қазақстанда

 

 

12-тапсырма. Дұрыс жауапты белгілеңіз. (n белгісін қойыңыз)

Шарын шатқалын «Қорғандар аңғары» деп кімдер атайды?

 

 

 

Дұрыс жауап

А.

көшпелі жұрт

 

В.

туристер

 

С.

жергілікті халық

 

Д.

білмейтін адамдар

 

 

 

 

13-тапсырма. Дұрыс жауапты белгілеңіз. (n белгісін қойыңыз)

Шарын шатқалындағы ерекше тоғай қалай аталады?

 

 

 

Дұрыс жауап

А.

Шарын тоғайы (лесистая местность)

 

В.

Шаған тоғайы 

 

С.

Шарын аңғары  (ущелье)

 

Д.

Колорада аңғары

 

 

14-тапсырма. Дұрыс жауапты белгілеңіз. (n белгісін қойыңыз)

Шарын шатқалында кездесетін өсімдіктердің қанша түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген?

 

 

Дұрыс жауап

А.

32

 

В.

33

 

С.

34

 

Д.

39

 

 

15-сұрақ. Дұрыс жауапты белгілеңіз. (n белгісін қойыңыз)

Ұлттық саябақта қандай жануар түрлері кездеседі?

 

 

 

Дұрыс жауап

А.

Сүтқоректілер (млекопитающие), құстар, аяғымен жорғалаушылар

 

В.

Сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар (пресмыкающиеся)

 

С.

Сүтқоректілер, құстар, аңдар

 

Д.

Сүтқоректілер, құстар, жоғарыға жорғалаушылар

 

 

16-сұрақ. Дұрыс жауапты белгілеңіз. (n белгісін қойыңыз)

Мұндай ерекше орын .........      ........... тек АҚШ-тағы Колорода штатында ғана бар екен.

 

 

 

Дұрыс жауап

А.

дүние жүзінде

 

В.

жердің жүзінде

 

С.

жер жүзінде

 

Д.

жердің жүзі

 

 

 

4-БӨЛІМ

17-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Асық ойыны баланың бойындағы қандай қабілетін жетілдіреді?

Екеуін атаңыз.

1.......................................................2............................................

18-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Асықтың атып ойнайтын түрлері адамнан үнемі нені талап етеді?

1...................................................................................................

19-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Асық ойнау қандау аурудың алдын алады?

1.......................................................................................................

20-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Асық ойынының қандай түрлері бар? Екеуін жазыңыз.

1.................................................................................................

2....................................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚЫЛЫМ

1-МӘТІН

Мәтін бойынша сұрақтарға қысқа жауап беріңіз.

Сандар сөйлейді

 

Сандар халықтың уақыт немесе көлемдік, сандық мағынамен қатар, белгілі бір ұғымды білдірген. Мысалы, 2 саны туралы мынадай ұғым бар. Ай және күн, жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, ер мен әйел, күн мен түн. Екі саны «жұп», екеу деген ұғымды білдіреді.

Тоғыз және қырық саны адамның жаратылу уақытымен байланысты. Анасының ішінде тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі.

Қазақ халқының ұғымында сәтсіз немесе жамандықтың символы болатын сан жоқ екен. Әр санның өзінің бір ерекшелігі көрсетіледі. Ал кейбір халықтар үшін 13 саны сәтсіздік саны болса, Қытай халқы үшін 4 саны жолы болмаушылықты білдіреді екен. Кейбір елдердің ұшақтарында немесе басқа да отыратын орындықтарында 13 саны болмай, 12-ден кейін бірден 14 саны көрсетіледі екен. Қытайлықтар 4 саны бар немесе сол санға аяқталатын телефон нөмірін алмауға және сол телефон нөміріне қоңырау соқпауға тырысады екен. 

 

1-тапсырма. Сандар қандай ұғымдармен байланысты қолданылады? Екеуін жазыңыз.

……………………………………………………………………………………

2-тапсырма. «Жақсылық пен жамандық», «ақ пен қара», «ер мен әйел», «күн мен түн» сөздері қандай мағыналы сөздер?

……………………………………………………………………………………

3-тапсырма. Адамның дүниеге келуімен қай сандар байланысты?

……………………………………………………………………………………

4-тапсырма. Қазақ халқында қандай сандар сәтсіздік немесе жолы болмаушылықты білдіреді?

……………………………………………………………………………………

5-тапсырма. Кей ұшақтарда неге 13 саны болмайды?

……………………………………………………………………………………

6-тапсырма. 4 санынан қытайлықтар не себепті қорқады?

……………………………………………………………………………………

2-МӘТІН

7-12 тапсырма. Берілген мәліметті оқыңыз. Форманы толтырыңыз.

Қарағанды қаласында мектептің 10-11-сынып  оқушылары арасында «Тілім менің – елдігімнің белгісі» атты республикалық байқау өткізіледі. Бұл жарысқа еліміздің кез келген қаласынан кез келген 10-11-сынып оқушысы қатыса алады.

Байқау Наурыз мерекесі күні Қабанбай батыр көшесі, 2-үй мекенжайында орналасқан № 53 орта мектепте өткізіледі. Байқауға қатысу туралы өтінішті қабылдаудың соңғы күні – 20 наурыз.

Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта шығарма жазып, мәнерлеп өлең оқудан сайысқа түседі. Байқауға басқа қаладан келетін қатысушылардың тұратын жеріне оқушыны алып келген мұғалімі жауап береді. Демек басқа қалалық қатысушылар  алдын-ала қонақүйге тапсырыс берулері қажет. Осы және басқа да байқауға қатысты сұрақтарыңыз болса,  ұйымдастырушы Балқия ханымға төмендегі нөмір бойынша хабарласуға болады: 87078889991.

Байқауға қатысушылардың құрметіне «Оқушылар сарайында» мерекелік концерт өткізіледі.

 

Байқауға қатысушылар:

 

 

 

Байқау өтетін орын:

 

 

 

Қатысу өтінішін қабылдаудың

аяқталу  мерзімі:

 

 

 

Байқау талаптары:

 

 

Сайыс өтетін уақыты:

 

 

 

Байқау туралы мәлімет беруші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-МӘТІН

13-17 сұрақтар. Мәтінді оқыңыз. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.

 

Қар барысы – ілбіс «Қызыл кітапқа» енгізілген табиғат қазынасы. Көне дәуірден бері Азия құрлығының таулы жерлерін мекендеген қар барысының ілбіс аталуы көне түркілердің «ірбіз» сөзінен шыққан. Ол Памир, Гималай, Тянь-Шань тауларында, теңіз деңгейінен 1500-4000 метр биіктікте өмір сүреді.

Археологиялық қазбалар бойынша, барыс қазақ халқының көне дәуірдегі тарихымен тікелей байланысты. Есік қорғанынан табылған ежелгі Сақ дәуірінің жауынгері – «Алтын адамның» киіміндегі алтын әшекейлерінде барыстың бейнесі бейнеленген.

Барыс өте жасырын және жалғыз жүретін, өте сақ және епті жануар. Сол себепті де ол көзге оңай түспейді.

Қар барысының денесі ерекше сұлу. Ұзындығы 200-230 см. Салмағы 55 келі. Екі жылда бір балалайтындықтан, ілбіс өте аз қалды. Орташа өмір сүруі 13-14 жыл. Қазіргі кезде Іле Алатауындағы Алматы қорығын санаулы ғана ілбіс мекендейді екен.

 Жақында шығысқазақстандық экологтар соңғы жиырма жыл көлемінде көзден таса болған, аса сирек кездесетін аң – қар барысының осы өңірге қайта орала бастағанын хабарлайды. Әйгілі «Қызыл кітапқа» енген жыртқыш хайуандар бүгінде Тарбағатай тауларын мекен ете бастаған.

 

 

13-тапсырма. Мәтінде кездесетін географиялық терминдерді атаңыз. Екеуін жазыңыз.

.......................................................................................................................................

14-тапсырма. «Алтын Адам» мен қар барысының арасында қандай байланыс бар?

.......................................................................................................................................

15-тапсырма. Қар барысының адамдарға көрінбеу себептерін атаңыз.

 

.......................................................................................................................................

16-тапсырма. Ілбістің азаюының басты себебін атаңыз.

 

.......................................................................................................................................

17-тапсырма. Қазіргі таңдағы қар барысының өмір сүретін аймағы туралы ақпарат беріңіз.

......................................................................................................................................

 

4-МӘТІН

 

18-23 сұрақтар. Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

IХ-ХII ғасырлар Қазақстанның оңтүстігінде қалалық өмірдің өркендеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, ескілері ұлғая түсті. Алайда  моңғолдардың атты әскері бүкіл Қазақстан аумағын қиратып кетті.

ХIII ғасырдың ортасына қарай Отырар қайта көтеріліп, ірі сауда орталығына айналды. Қала шақа (ұсақ жезден жасалған тиын) соғу орталығы ретінде танылып, оның теңгелері Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне кең тарады.

ХIII-XIV ғасырларда қалада ірі қоғамдық ғимараттардың құрылысы жүргізілді. Ерден ханның тұсында мұнда медресе, мешіт тұрғызылды. Отырардағы қазба жұмыстардың нәтижесінде табылған материалдар қаланың XVI-XVIII ғасырлардағы өмірінен нақты мағлұматтар береді. Қаланың негізгі құрылыс бөлігі квартал болып табылады. Бұл шағын көшенің екі немесе бір жағына топтастырылған үйлер кешені. Кейбір кварталдардың қолөнершілік бағыты анықталды. Отырардың шығыс бөлігіндегі квартал көзешілерге (қыштан ою оюшы) тиісті болған. Ал Дарбаза-и-Суфи қақпаларына ұқсас етіп жасалған Отырардың батыс қақпаларына жақын орналасқан кварталда наубайшылар (нан стаушы, нан пісіруші) тұрған.

Кейінгі ортағасырлық Отырарды қазу барысында көптеген қыш, металл бұйымдар, шақалар мен әшекейлік заттар, тастан жасалған ұсақ-түйектер жиналды. Табылған нумизматикалық заттар Отырардың XV ғасырдың орта тұсы мен XVII ғасырдың бірінші жартысында, Қазақ хандығы тұсында жоғары өрлегенін танытады. Қала жоңғар шапқыншылығы барысында зардап шегіп, XVIII ғасырдың ортасында біржолата қаңырап бос қалды. Мемлекет те адам сияқты, туады, өседі, дамиды, өледі. Қойнауы тарих пен аңызға тұнып тұрған ордалы Отырар да осылайша  өмір сүруін тоқтатты.

18-тапсырма.  IХ-ХII ғасырларда қала өмірінің күйреуіне не себеп болды?

 

.................................................................................................................................

19-тапсырма.  ХIII ғасырдағы Отырар қаласының экономикасын сипаттаңыз.

 

................................................................................................................................

20-тапсырма.  Отырар қаласында пайда болған «Квартал» нені білдіреді?

 

................................................................................................................................

21- тапсырма.  «Кварталдар»  кімге тиісті болды?

 

................................................................................................................................

22-тапсырма.  Отырар қаласының экономикасы қай кезеңдерде ілгері дамыды?

...................................................................................................................................

23-тапсырма.  Отырар қаласының жойылуына не әсер етті?

 

..................................................................................................................................

ЖАЗЫЛЫМ

1-тапсырма.

Уақыт – ең қымбат байлық

 

Мәтінді оқыңыз. Берілген деректерді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріп,  берілген афоризмдерді пайдалана отырып, 100-150 сөзден тұратын шағын мәтін жазып шығыңыз.

 

            Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыт – адам үшін ең маңызды нәрсе. Уақыт туралы әр адам әртүрлі ойлайды және әркім өз уақытын өз қалауы бойынша өткізеді.  
Уақытты босқа өткізбеу, үнемі бір нәрсемен айналысу қандай пайда әкеледі? Неге адамдар өз уақытын жоспарлайды? Осы сұрақтарға мысалдар арқылы, нақты дәлелдер келтіре отырып, шағын мақала жазыңыз.

Уақыт өтіп барады – бұл жаман жаңалық. Жақсы жаңалық – уақытты сіз басқарасыз.

Уақыт жан- жақты дамудың кілті.

 

 

 

 

 

 

 

 


………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

 

 

2-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз. Мәтін мазмұнын қорытындылап, ХХІ ғасырдың ең басты мәселесі – ғаламдық жылыну, жер экологиясы жайлы 120-180 сөзден тұратын өз сөзіңізбен қорытынды (вывод, заключение) жазыңыз. 

«Егер адамзат ауаның жылуын тоқтатпаса, жер бетінде адамдардың тек ізі қалады»,-дейді итальян ғалымы Витторио Кануто. Ұзақ жылдар бойы АҚШ-тың Ғарыш орталығында істеген ғалым көптеген зерттеулер нәтижесінде осындай тұжырымға келді.

Мұздардың еру салдарынан мұхит суының деңгейі көтеріліп жатыр. Осылай жалғаса берсе, мұхит жағасында тұратындар үйсіз қалуы мүмкін дейді ғалым.

Австралия бірінші болып экологияны реттеуге кірісті. Сәуір айының бірі күні Австралияның ең ірі қаласы Сидней бір сағатқа жарықтың бәрін сөндіріп тастады. Олар бұл әрекеттерін «Жер сағаты» деп атады.

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………


 Айтылым


Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

«Спорт – бейбітшілік елшісі»

- Спорттың қай түрі ұнайды?

- Үлгі тұтатын спортшыңыз?

- Қандай спорт түрінің жанкүйерісіз?

- Әлемде жанкүйері көп спорт түрі қайсы?

- «Тәні саудың жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінетіндер де спорттың қадірін қастерлеп жатады? Сіз қалай түсінесіз?

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

«Тәуелсіздік таңы – еліміздің бағы»

 

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

«Бос уақыт»

- Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

- Бос уақытты пайдалы өткізу үшін немен айналысқан дұрыс деп ойлайсыз?

- Уақытты бос өткізу дегенді қалай түсінесіз?

- Адам өміріндегі уақыттың қандай маңызы бар?

- Уақыт адамзатпен санаспайды, уақытпен санасқан адаспайды дегенді қалай түсінесіз?

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

«Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты»

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

«Туған өлкем»

- Сіз қайда дүниеге келдіңіз?

- Туған жеріңіздің көрікті жерлерін атаңыз?

- Туған жеріңіз туралы қандай тарихи ақпарат білесіз?

- Туған жеріңіздің атауы немен байланысты?

- «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» - дегенді қалай түсінесіз?

 

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

 «Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені»

 

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

«Ұялы телефонды пайдалану мәдениеті»

- Ұялы телефон адамға қалай әсер етеді?

- Байланыс құралын пайдалану мәдениеті неде?

- Ұялы телефонның денсаулыққа әсері қандай?

- Ұялы телефонды қолдану барысында қандай кеңестер бере аласыз?

- Өзіңіз ұялы телефонды қолдану барысында қандай сақтық шараларын қолданасыз?

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

Туған жер – киелі мекен.

 

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

«Тіл үйрену»

- Қай тілде жиі сөйлесесіз?

- Шет тілін үйрену үшін шет мемлекетке бару қажет пе?

- Тіл үйренудің қандай жолдары бар?

- Тіл үйрену қаншалықты қажет?

- «Тіл – достықтың алтын көпірі» дегенді қалай түсінесіз?

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

Ұялы телефон және біз

- Ұялы телефоныңызды қалай пайдаланасыз?

- Досыңыз/Отбасыңыз қандай қосымшаны көбірек пайдаланады?

- Ұялы телефонның бар немесе жоқ болуының артықшылықтары?

- Ұялы телефонның пайдалы/зиянды жақтары туралы не айтасыз?

 

- Егер ұялы телефон болмаған жағдайда, адамдар қалай өмір сүретін еді?

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

 

Жақсы дос – жан азығы

 

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

Жақын досым

- Жақын досыңыз туралы не айтар едіңіз?

- Жақсы дос дегенді қалай түсінесіз?

- Досыңыздың қай жақсы қасиетін бағалайсыз?

- Адам өскен сайын оның табиғаты/мінезі өзгереді ме?

- Досыңызбен әңгімелесу барысында қандай тақырыптарды көп қозғайсыздар?

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

Қазақстанның көрікті жерлері

 

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

Менің жазғы демалысым

- Саяхаттау сізге ұнайды ма?

- Қай жерлерде саяхатта болдыңыз?

- Қандай көлік түрімен саяхаттағанды ұнатасыз?

- Саяхатта көрген қызықтарыңызбен бөлісіңіз?

- Саяхат бізге не үйретеді?

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

Менің сүйікті кітабым

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

Менің отбасым – менің байлығым

- Отбасыңыз туралы не айтар едіңіз?

 

- Отбасыңызда қандай да бір қалыптасқан дәстүрлер бар ма?

- Отбасыңызбен бірге өткізген қызықты оқиғалар туралы айтыңыз?

- Отбасындағы тәрбие қандай болуы керек?

- «Бақытты отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

Менің болашақ мамандығым

 

 

Жалпы екі тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин.

1-тапсырма

Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады, сұраққа жауап беріңіз.

Өзіңізді таныстырыңыз

Менің сүйікті әуенім

- Қандай әндерді ұнатасыз?

- Сүйікті әншіңіз немесе тобыңыз туралы айтыңыз?

- Қандай әншіні үлгі тұтасыз?

- Олардың қандай жетістіктерімен таныссыз?

- Әнді көңіл күйіңізге байланысты тыңдайсыз ба?

 

2-тапсырма

Тақырып бойынша сөйлеңіз.

Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Back to the list

Informational materials

Информационные материалы

Computer testing of KAZTEST system

Download

Contacts

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх