Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Стандартная версия
07.06.2021

Мемлекеттік тілді дамытудағы Қазтесттің орны мен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өткізілген тестілеу нәтижелері

























ҚР Білім және ғылым министрлігінің

Ұлттық тестілеу орталығы

Қазтест жүйесін дамыту басқармасының

зертхана меңгерушісі

Ж.Б. Әділбекова

Білім айнасы 

 

Мемлекеттік тілді дамытудағы Қазтесттің орны мен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өткізілген тестілеу нәтижелері

 

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен оны дамыту – қазіргі уақытқа дейін күн тәртібіндегі, қоғамның басты назарынан түспей келе жатқан келелі мәселелердің бірі. Тәуелсіздік алғаннан бергі отыз жыл ішінде бұл бағытта үгіт-насихат жұмыстарымен бірге бірқатар іс-шаралар атқарылып, алдағы уақытқа жоспарлар жасалды. Атап айтқанда, мемлекеттік тілдің мерейін асыру, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында толыққанды қолданылуын қамтамасыз ету үшін оның заңдық, құқықтық тетіктерінің орныққан, жүйелі қызметін бір арнаға тоғыстыру қажеттілігі туындады.

Осы мақсатта елімізде 1997 жылы Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң және бүгінгі күнге дейін тілдерді дамыту мен қолдануға арналған үш  мемлекеттік бағдарлама қабылданып бекітілді.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін меңгергендердің үлесін арттыру, іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін талап ету мен оны қадағалау үшін заңдық күші бар нормативтік құжат керек болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тілдерді қолдану мен дамытудың алғашқы мемлекеттік бағдарламасы 1998 жылы қабылданса, тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған екінші мемлекеттік бағдарламасы 2001 жылы, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған үшінші мемлекеттік бағдарламасы 2011 жылы бекітілді. Осылайша, алғашқы қабылданған бағдарламада мемлекеттік тілде іс жүргізуді қолға алу жұмыстары орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан бастау алды.

2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада елімізде тілдік ахуалға баға беріліп, «қол жеткен нәтижелерге қарамастан, мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң әлеуетiн iске асыру деңгейi әлi де төмен екенiн атап өту керек. Мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген мамандар аз. Сол себептi Бағдарламаны iске асыру барысындағы басты мiндеттiң бiрi бiлiктi кадрлар даярлау» екендігі айтылды. Сонымен қатар мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот ісiн жүргiзу, іс қағаздары салаларында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметте дамыту жағдайларын қалыптастыруға басымдық берілді.

Аталған бағдарламада қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ т.б. сияқты тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған отандық жүйені әзірлеу қажеттігіне назар аударылды. Осыған орай, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының базасында еліміздегі азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тетігі ретінде Қазтест жүйесі құрылды. Аталған жүйе тілдік білімді бағалау арқылы мемлекеттік тілді меңгеруге, дамытуға, тіл үйренуші  тұлғалардың әрекетін ынталандыруға бағытталды. 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілін меңгерген ересек азаматтардың үлесін Қазтест жүйесі арқылы бағалау нысаналы индикаторлар ретінде айқындалды. Жыл сайын Қазтест тестілеуінен орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қызмет көрсету мекемелері мен ұлттық компания мен холдинг қызметкерлері өтіп келеді.

Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік тілді орта және жоғары деңгейде білуінің 2017 жылдан бастап нысаналы көрсеткіштері белгіленген. Бұл көрсеткіштерге сәйкес Қазтест жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді орта деңгейде (В1) меңгерген мемлекеттік қызметшілер үлесін 2017 жылға қарай - 25%-ға, 2020 жылға қарай - 35%, ал жоғары деңгейде (С1) меңгергендердің үлесін 2017 жылға қарай 5%-ға, 2020 жылға қарай 15%-ға арттыру көзделген. Ал мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы мемлекеттік тілді орта деңгейде (В1) меңгерген қызметкерлердің үлесін 2017 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай - 20%-ға, жоғары деңгейде (С1) меңгергендердің үлесін 2017 жылға қарай 5%-ға, 2020 жылға қарай 10%-ға арттыру міндеті қойылды.

Жалпы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында Қазтест тестілеуін өткізудегі басты мақсат –  өз кәсіби міндеттерін атқару барысында өмір талабы мен заман сұранысына сәйкес мемлекеттік тілді жетік деңгейде меңгерген еліміздің ұлтжанды азаматтарын қалыптастыру.

Бүгінгі күнге дейін Қазтест жүйесі бойынша тестілеуге 426 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде, 2011-2020 жылдар аралығында тестілеуге қатысқан жалпы контингенттің ішінде мемлекеттік қызметшілердің үлесі 35 пайызды құрады (149 мыңға жуық тестіленуші).

Мемлекеттік бағдарламада талап етілген талдау нәтижелеріне сәйкес 3 жылдың ішінде (2017-2019 жж.) Қазтест жүйесі бойынша тестілеуге қатысқан мемлекеттік қызметшілердің әр жылдағы нәтижелер көрсеткіштеріне тоқталуды жөн көрдік.


Орталық атқарушы мемлекеттік органдарда

2017-2019 ж.ж. аралығындағы тестіленушілердің саны

1.JPG

 

  Жоғарыда ұсынылған кестеде орталық атқарушы мемлекеттік органдар қызметшілерінің саны көрсетіліп, деңгейді анықтау тестілеуіне қатысушылардың басым бөлігін ҚР Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің құрағанын көре аламыз.

2017 жылы Қазтест жүйесі бойынша 94 мыңға жуық адам тестілеуге қатысса, оның 27 пайызын мемлекеттік қызметшілер, ал 30 пайызын мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің қызметкерлері құрады.

Ал, 2018 жылы тестілеуге қатысқан 73 мыңға жуық адамның 33 пайызы мемлекеттік қызметшілер болса, 53 пайызы – мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің қызметкерлері. 2017 жылға қарағанда, 2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар тарапынан мемлекеттік тілді білу емтиханынан өтуге ниетті тестіленушілер саны арасалмағының өскенін байқаймыз.

   2019 жылы Қазтест жүйесі бойынша 38 мыңға жуық адам тестілеуге қатысса, оның 40 пайызын мемлекеттік қызметшілер, ал 49 пайызын мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық компания қызметкерлері 2 пайызын құрады.


2.JPG

Сондай-ақ, 2017 жылы мемлекеттік бағдарламада талап етілген мемлекеттік тілді орта деңгейде (В1) меңгерген қызметшілердің үлесін 25 пайызға жеткізу қажет болса, іс жүзінде аталған көрсеткіш толық орындалып, 42 пайызға жетті.  Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін жоғары деңгейде (С1) меңгеру көрсеткіштері  жоспарланған 5 пайызға жетпей, небары 1,4 пайызды құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің де тілді білу дәрежесі осы шамалас болып шықты.

 

                  В1, С1 деңгейін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

    2018 жылы мемлекеттік бағдарламада талап етілген мемлекеттік тілді орта деңгейде (В1) меңгерген қызметшілердің үлесі 30 пайызға жетуі қажет болса, тестілеу нәтижесі бойынша 32,7 пайызды құрады.  Ал қазақ тілін жоғары деңгейде (С1) меңгеруі талап етілген 8 пайыздың орнына  3,6 пайыз меңгергені анықталды.

3.JPG

2019 жылы мемлекеттік тілді орта деңгейде (В1) меңгерген қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің үлесі 35 пайызға жетпегені, тестілеу нәтижесі бойынша 30 пайыздық көрсеткішке ғана қол жеткізгеніміз белгілі.  Ал мемлекеттік қызметшілерден қазақ тілін жоғары деңгейде (С1) меңгеруі талап етілген 9 пайыздың орнына  3,2 пайыз меңгергені,  мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің жоспарлы        10 пайыздың орнына 4,4 пайыз меңгергені белгілі.

 

В1, С1 деңгейін меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін

ұйым қызметкерлерінің үлесі

4.JPG

 

  Қазтест жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі басшылыққа алынады. Аталған  деңгейлер  Еуропалық  тілдік  референттілік  деңгейлеріне  сәйкестендірілген.

  

5.JPG

Қазтест тестілеуінің бағалау межелеріне сәйкес С1 деңгейі – бұл мемлекеттік тілді білудің ең жоғарғы сатысы. Жоғарыда баяндалған нәтижелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мамандардың қазақ тілін өз деңгейінде білмейтіні, тілді жетік меңгерген қызметкерлер үлесінің төмендігі байқалады. Бұған себеп мемлекеттік басқару органдары мен халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдарда қызметкерлерді тілді білуді міндеттейтін нақты талаптың болмауында деп топшылаймыз.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалайтын сертификаттық тестілеуге қатысуға ниет білдірушілердің болуы, әрине, қуантарлық жағдай.

                 Егер мемлекеттік қызметтің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында Қазтест тестілеуінен өту міндеттелсе, мемлекеттік қызметке тілді жетік меңгерген мамандар қабылданатын еді.

6.JPG

Қазақ тілін үйренуге деген қолайлы орта, қажеттілік пен сұраныс жоғары болған жағдайда ғана тіл үйренушілерде тілді үйрену мен білуге талпыныс туындап, тіл үйренуге ынталы болады. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» болғандықтан, тілімізді үйренуге  деген жалпыхалықтық мүдде, қоғамдық сана қалыптасса, мемлекеттік тілді білуді әр қазақстандық парызым деп білсе, тіліміздің мәртебесі биіктей түсіп, мерейі қашан да үстем болар еді. Ұлт зиялысы Халел Досмұхамедұлының: «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш» деген қанатты сөзі де бүгінгі уақытта өзінің өзектілігін жойған жоқ. Тіл төңірегінде әлі де атқарылуы тиіс шаралардың көптігін және тілімізді дамыту жолындағы жауапкершілікті еліміздің әр азаматы терең сезінсе деген тілегіміз бар.


Білім айнасы: Мемлекеттік тілді дамытудағы Қазтесттің орны мен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өткізілген тестілеу нәтижелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Возврат к списку

Информационные материалы

Информационные материалы

Компьютерное тестирование по системе КАЗТЕСТ

Download

Контакты

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх