Тілдің лексикасы тіл құралдары жүйелерінде тілді оқыту мазмұнының маңызды компоненті болып табылады. Бұл сөйлеу әрекеттері: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылымның бастапқы және қажетті құраушы материалы болады. Тіл үйренуде табысты нәтижелерге қол жеткізу үшін тілді оқытумен қатар тілді меңгеру деңгейлерін бағалауды жүзеге асырып отыру қажет. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін бағалаудың мұндай механизмі болып ҚАЗТЕСТ жүйесі саналады.
Халықаралық тәжірибелерге ұқсас тіл білімін бағалаудың отандық жүйесі ҚАЗТЕСТ тетестіленушінің коммуникативтік қабілеттіліктерін бағалауға бағытталған. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында түрлі әрекеттерін жүзеге асырушы шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейлерін анықтайтын жүйе. Отандық жүйенің әдістемелік қоры қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзыреттіліктерін анықтайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына негізделген*.
Тіл үйрену тәжірибесінде лексикалық минимумдарды қатар үйрену міндетті түрде ұштасып отырады. Лексикалық минимум сөздік қордың кеңеюіне, белсенді және пассивті сөздік қордың қалыптасуына ықпал етеді. Ұсынылып отырған лексикалық минимум қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер) минимальды сөздер мен сөз тіркестерінің жиынын қамтиды. Минимум қазақ тілін өз бетінше үйренуге және қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға бағытталған. Минимум шет тілін үйренудің әлемдік және еуропалық стандарттарының принциптеріне, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған. Қарапайым деңгейде лексикалық минимум ... бірлікті, базалықта деңгейде – ... бірлікті, орта деңгейде – ... бірлікті, ортадан жоғары деңгейде – ... бірлікті, жоғары деңгейде – ... бірлікті құрайды. Лексикалық бірліктерді таңдаудың мақсаты қазақ тілінде жаза білу мен сөйлей білудегі қолданылатын белсенді сөздік қорын сараптау мен оларды жүйелеу. Осыған орай тілді үйренуші азаматтар үшін тіл үйренуде өз ойын пайымдап, оны айта біліп, сөздер мен сөз тіркестерді тақырыбына сәйкес мағынасы мен қолдану саласына қарай топтастыра білуі, сонымен қатар тілдік бірліктерді дұрыс қолдана алуы сияқты талаптар анықталады.
Әрбір деңгейдің лексикалық минимумы келесі принциптерге негізделген:
- жүйелілік
- сабақтастық
- дамытушы
- коммуникация- нәтижелілік.
Жүйелі құрастырылған лексикалық минимум тіл үйренушіге қазақ тілінің сөздері мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалану, әртүрлі жағдаяттарда тілдесу тақырыбына байланысты лексикалық бірліктерді дұрыс пайдалану қабілеттерін қалыптастыруына ықпал етеді. Аталған еңбекте түрлі тақырыптарға байланысты белсенді сөздер мен қоршаған өмірмен байланысты лексика қамтылған. Минимумдар лексикалық сатылар негізінде құрастырылған және мағыналары және тақырыптары бойынша топтарға бөлінген. Барлық сатылардың мазмұны белгілі бір реттілікпен бірін-бірімен жүйелі байланыстырылған. Бірінші саты үш сөз табымен көрсетілген. Олар: зат есім, сын есмі, етістік. Екінші саты – бұл сан есімдер, есімдіктер, үстеулер. Үшінші саты – жалғаулықтар, одағайлар. Қазақ халқының мақал-мәтелдері бөлек көрсетілген және олардың орысша, ағылшынша баламалары берілген. Лексикалық бірліктерді сөз таптары бойынша бөліктермен бөліп беру сөздерді сөйлемдерде пайдалануды жеңілдетеді, себебі әрбір сөз табы сөйлемде белгілі бір қызмет атқарады. Тілді тиімді үйрену үшін әрбір сөз табының сөздер жиыны мағыналық топтар мен бөліктерге бөлініп берілді. Бөліктер мағынасы бойынша бірін-бірімен тығыз байланысты сөздерден тұрады.
Қарапайым деңгейдің лексикалық минимумы тіл үйренудің бірінші сатысы болып табылады. Бұл деңгейдің сөздері күнделікті өмірдегі жағдаяттарға негізделеді. Тіл үйренуші күнделікті тұрмыста қолданылатын тілдік материалдарды меңгеруі қажет.
Базалық деңгейдің лексикалық минимумы сөйлесу жағдаяттарына және қоршаған өмірге байланысты сөйлеу коммуникациясында пайдаланылатын сөздерді дұрыс қолдануды талап етеді.
Орта деңгейдің лексикалық минимумы сөйлесім жағдаяттары мен қоршаған өмірге сәйкес тақырыптардың стилистикалық бірліктерін әдеби нормаларға сәйкес дұрыс қолдануды үйренуге бағытталған.
Ортадан жоғары деңгейдің лексикалық минимумы әртүрлі сөйлесім жағдаяттары мен әлеуметтік өмірден алынған белсенді сөздер мен сөз тіркестерін әдеби стиль бойынша дұрыс пайдалануына көмегін тигізеді.
Жоғары деңгейдегі лексикалық минимум өмірдің әртүрлі әлеуметтік салаларына байланысты лексикалық бірліктерді еркін меңгеруге және лексикалық бірліктерді әдеби, ғылыми және кәсіби стильде пайдалануға бағытталған.
Деңгейлердің өсуіне байланысты сөздер мен сөз тіркестері градуальдылық принципі бойынша толықтырылып отырады.
Лексикалық минимум қазақ тілін екінші тіл ретінде, қазақ тілін шет тілі ретінде үйренушілерге, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша емтиханға дайындалушыларға, оқытушыларға, оқу құралдарын әзірлеуші авторларға, зерттеушілер мен ғалымдарға, ізденушілер мен жоғары оқу орнының студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған.
______________________________________________
* 1. ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».
2. ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру».
3. ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».
4. ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».
5. ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz