Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

Мемлекеттік қызмет алу үшін пайдаланушы Ұлттық тестілеу орталығына (Мекенжайы: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 67, 3 қабат, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы, № 14 кабинет, телефоны 51-83-06) келесі құжаттарды тапсыру керек:

- мемлекеттік қызмет алу үшін толтырылатын өтініш;

- тұтынушының жеке тұлғасын растайтын құжаттың көшірмесі;

- қазақ тілін меңгерудің белгілі бір деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда – Ұлттық тестілеу орталығында берілген).

Өтініш үлгісі Ұлттық тестілеу орталығында беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар Ұлттық тестілеу орталығына тапсырылады.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері тестіленушіге арналған нұсқаулықпен таныстырып, қолдарына береді. Одан кейін мемлекеттік қызмет алу мерзімін анықтайтын емтиханға рұқсаттама беріледі.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу 2 кезеңнен өтеді:

1 кезең – төменде көрсетілген шкала бойынша қазақ тілін жалпы меңгеруді анықтауға арналған тест тапсырмалары ұсынылады:

Деңгейлер

Жеткілікті балл көрсеткіштері

Қарапайым

31-64 балл

Базалық

65-104 балл

Орта

105-119 балл

Ортадан жоғары

120-134 балл

Жоғары

135-145 балл

Жетік

146-150 балл

2 кезең – тестіленушіге шкала бойынша 1 кезеңнің жиынтық нәтижесіне сәйкес келетін тіл меңгерудің деңгейлері бойынша тест тапсырмалары ұсынылады.

Жоғарыда аталған кезеңдер келесі тәртіппен іске асырылады:

Тестіленуші тестілеуден өту үшін өтініш берер алдында көрсетілетін қызметке банкке ақы төлеу керек. Таңдаған қызметі үшін түбіртек Ұлттық тестілеу орталығыныың «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ» бойынша (тестілеуден өтудің 1-ші немесе 2-ші кезеңі) және Ұлттық тестілеу орталығыныың деректемелері толтырылады. Төлем құжаттары (түбіртек) өтініш берген кезде тапсырылады.

Өзінің қазақ тілін меңгеру деңгейін білгісі (анықтағысы) келген пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға өкілеттік құқұғы бар Ұлттық тестілеу орталығында тіркеледі.

1) өзі Ұлттық тестілеу орталығы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 60, 3 қабат, № 14 кабинет, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына келеді. Тестіленуші Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының қызметкері берген өтініш бланкін толтырады. Өтініш бланкін толтыру үлгісі, сонымен қатар өткізу процедурасының уақыт тәртібі туралы ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының хабарлама тақтасында орналастырылған.

2) құжаттарды және толтырылған өтініш бланкін Ұлттық тестілеу орталығының www.kazakhtest.kz сайтында көрсетілген форма бойынша жібереді. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауды өткізу процедурасының уақыт тәртібі туралы ақпарат та сайтта көрсетілген.

3) толтырылған өтініш бланкін және басқа да қажетті құжаттарды 51-83-06 тел/факске жібереді.

Тестілеу емтиханын өткізу нұсқаулығы

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх