Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауының тілдерді дамыту бағыты бойынша 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар саны 80 пайызға дейін, 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайыз құрауы тиістігі туралы міндеттер қойды. Аталған өрелі міндеттерді іске асырудың тетігі ретінде ағымдағы жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің № 110 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Бағдарламаның нысаналы индикаторларының бірі ретінде мемлекеттік тілді меңгеру бойынша жылдарға бөлінген ересек қазақстандықтардың үлесі алынған («ҚАЗТЕСТ» тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95 %). Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі аталған Мемлекеттік бағдарламаның негізгі орындаушысы ретінде бірнеше ауқымды шараларды қолға алып отыр. Солардың бірі үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде» оқытуға арналған стандарт-технология, оқу-әдістемелік кешен және әртүрлі тапсырмалар әзірлеп тіл үйренуші азаматтарға қазақ тілін меңгеруде мүмкіндігінше қолайлы барлық жағдайларды жасау. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде меңгерудің әдістемесін әзірлеу үстінде. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттілік талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттар Техникалық реттеу және метрология комитетінде бекітіліп, қолданысқа енгізілді ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009. Осы аталған Мемлекеттік стандарттар негізінде - қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес сөздер мен сөз тіркестерінің тақырыптық минимальды қоры, - қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ емтихандарына дайындалудың оқу-әдістемелік құралдары, - интерактивті байқау тестілеуін өткізудің бағдарламалық жабдықтауы әзірленуде. Аталған әдістемелік құралдар мен бағдарламалық жабдықтау қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде оқытудың оңтайлы әрі тиімді әдісі ретінде ұсынылады. Қазақстан Республикасының аймақтарында тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қызметкерлерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету және де аталған стандарт-технология мен оқу-әдістемелік кешендерді бойынша оқыту семинарларын да ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх