2019 жылғы 17 қазанда «M.S.Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ-ның базасында «Қазақ тілін креативті оқыту» орталығының салтанатты ашылуы өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Д.Н.Смағұлов қатысты. Іс-шара барысында «M.S.Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ мен «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК арасында екіжақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты – екі тараптың ұйымдастыруымен өткізілетін ғылыми-әдістемелік семинарларға, конференциялар мен басқа да іс-шараларға қатысу және білім, тәжірибемен алмасу, қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін ұсыну, мемлекеттік тілді үйретудің ерекше және қалыптан тыс тәсілдерін жұмыста пайдалану және көпшілікке насихаттау.
Кездесуде екі тараптың алға қойылған мақсат-міндеттері белгіленіп, келешек жоспарлары талқыланды.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz