Тіл білімін бағалау, білім сапасын бағалау салалары бойынша халықаралық сарапшы ұйымдар мен ғалымдардың қатысуымен ҚАЗТЕСТ жүйесіне халықаралық талаптарға сәйкестік сертификатын иемдену мақсатында келесі іс-шараларды атқару жоспарланып отыр:
1. Тәжірибе алмасу, консалтингтік қызметтер үшін жыл сайын Ресей Федерациясының тестолог ғалымдары, тіл білімін бағалау сарапшылары шақырылады. ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған өлшеу құралдарын қалыптастыру бойынша жұмыс тобының кәсіби деңгейлерін сертификаттау іс-шаралары сатылы түрде жүргізілетін болады.
2. ҚАЗТЕСТ жүйесінің әзірлемешілері мен жүйені жетілдірудің сарапшы мамандары тіл білімін бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ және т.б. халықаралық жүйелерінің тәжірибелері ғылыми-әдістемелік тұрғыда зерттеледі.
3. Тест тапсырмаларының қоры байқау сынақтары нәтижелері бойынша түрлі математикалық-статистикалық, педагогикалық өлшеулер мен метрологиялық әдіс-тәсілдер арқылы әрбір тест тапсырмасының қолданысқа жарамдылық дәрежелері мен тіл білімін бағалауда тиімді көмегін беру дәрежелері зерттеліп, сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тапсырмалар толықтырылады.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz