Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өту 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау (жалпы меңгеру)

Тестіленушіге балдық шкала бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест тапсырмалары ұсынылады (мысалы, тестіленуші 150 тапсырмадан 110 балл алса, қазақ тілін меңгерудің орта деңгейі анықталады).

Деңгейлер

Жеткілікті балл

dengeiler2.jpg   

Қарапайым

31-64 балл

Базалық

65-104 балл

Орта

105-119 балл

Ортадан жоғары

120-134 балл

Жоғары

135-145 балл

Жетік

146-150 балл


2 кезең
– қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау. Тестіленушіге анықталған (орта) деңгейдің тест тапсырмалары ұсынылады.

Жалпы меңгеруде де, деңгей бойынша да тестілеу үш бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым. Жалпы тестті орындау үшін 2 сағат 30 минут бөлінеді, оның ішінде 10 минут жауап парағын толтыруға.

Әр бөлікті орындауға бөлінетін уақыт:

• Тыңдалым – 30 тест тапсырмасы, 25 минут;

• Лексика-грамматикалық бөлік – 70 тест тапсырмасы, 50 минут;

• Оқылым– 50 тест тапсырмасы, 65 минут.

Тест түрі: 4 ұсынылған жауаптан бір дұрыс жауабын таңдау.

«Жазылым» бөлігін бағалау

«Жазылым» бөлігі деңгейіне қарай және Тест спецификациясы мен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша жазба жұмыстарын тексеру ережелеріне сәйкес бағаланады.

Қарапайымдеңгей

Шығармашылық диктант жазу

Базалық деңгей

Орта деңгей

Мазмұндама жазу

Ортадан жоғары деңгей

Жоғары деңгей

Эссе жазу

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх