Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Стандартная версия

ҚАЗТЕСТ тестілеуі бойынша тест тапсырмаларының мазмұны

ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі  - Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (жұмыс істейтін) шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында әзірленді.

 

Тест мазмұны: А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінің тест тапсырмалары енгізілген. Тест 4 (төрт) бөліктен тұрады.

 

Әдістемелік нұсқаулық келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды:

 

1. ҚР СТ 1926-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».

2. ҚР СТ 1928-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру».

3. ҚР СТ 1929-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».

4. ҚР СТ 1925-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».

5. ҚР СТ 1927-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».

6. Қазақ тілін ортадан жоғары, жоғары деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумдары /Құрастырушылар: З.С. Күзекова, Т.Т. Аяпова, Ф.Ш. Оразбаева, М.Қ. Мамаева, М.С. Жолшаева – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011 ж.

7. Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама. Астана, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК,  2016 ж.

8. Қазақ тілінің қарапайым, базалық деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумдары /Құрастырушылар: З.С. Күзекова, Т.Т. Аяпова, Ф.Ш. Оразбаева, М.Қ. Мамаева – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2017ж.

9. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумдары /Құрастырушылар: З.С. Күзекова, Ұ.О. Асанова, Т.Т. Аяпова, Ф.Ш. Оразбаева, М.Қ. Мамаева – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2018 ж.

 

Тапсырмалар формасы

Тыңдалым және Оқылым бөліктері бойынша ұсынылған 4 жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау.

Жазылым бөлігінде жазба жұмыс түрлері: 1-тапсырма – сурет, 2-тапсырма – эссе.

Айтылым бөлігінде тапсырма түрлері: 1-тапсырма – 5 сұрақ, 2 тапсырма – тақырып.

 

Мәтіндерге арналған тапсырмалар түсінудің келесі деңгейлерін ашады:

A-фрагментарлық;

B-детальды;

C-ауқымды.

 

Төрт бөлік бойынша тапсырмалар төмендегі тақырыптарды қамтиды:

 

Тақырыптар

Тақырыпшалар

1

 

 

 

 

 

 

 

Адам, қоғам және рухани құндылық

 

 

 

 

1

Танысу, жөн сұрау, қарым-қатынас.

2

Тұрмыс, мекенжай, көше, менің үйім, түрлі елдердегі тұрғын үй жағдайы, тұрмыстық заттар.

3

«Неке және отбасы», отбасы құндылықтары. Тәрбие, «Отбасы-тәрбие негізі», «Отбасы және демографиялық өзгеріс». «Отбасы және отбасылық жағдай». Туыс. Дос.

4

Сезім. Мінез. Адам, зат (материал), дерек, оқиға, іс-әрекет. Адам қасиеттері, адам келбеті.

5

Өзі туралы. Қызығушылығы. Сүйікті іс (Хобби). Бос уақыт, бос уақытты тиімді пайдалану. Демалыс. (демалыс орындары). Демалыс индустриясы.

6

Медицина. «Салауатты өмір салты», денсаулық, дұрыс тамақтану. Спорт. «Спорт және спорттық өмір», спорттық ойындар, жарыс, олимпиадалар, «Өмір сүру салты».

7

Қоғамдық орындар (Әуежай, теміржол вокзалы, саяжай, саябақ, аялдама, касса, дәріхана, емхана, аурухана, асхана, дәмхана, мейрамхана), Қызмет көрсету орындары (Халыққа қызмет көрсету. Қонақүй. Көлік жөндеу. Шеберхана. Бекеттер. Спорт кешені.), Дүкенде, азық-түлік, сауда, ақша, тиын, қымбат, арзан, жеңілдік. Көлік, көлік түрлері, құрал-сайман.

8

Мерекелер. Есімдер сыры (мейрамдар, шілдехана, туған күн). Салт-дәстүр, әдет-ғұрып. Ұлттық мерекелер. Өмір салты, ұлттық стереотиптер. Ұлттық құндылықтар.

9

Киім. Түстер. Сапасы. Сән әлемі (қосымша тұтыну заттары). Отандық тауар.

2

Білім және ғылым

10

Ресми мекемелер мен ұйымдар: Балабақша, мектеп, университет. (мектеп өмірі, жетістіктері, оқытушылар, студенттер және т. б.) Білім беру.

11

Интернет, әлеуметтік желі, байланыс, телефон, ақпарат алу.

12

Болашақ. Білім. Мамандық. Жұмыс. Еңбек, еңбек демалысы, еңбек тәртібі. Әріптестер.

13

Ғылыми жұмыс: Ғылым саласындағы жаңалықтар. (Биотехнология. Гендік инженерия.т.б.) Жастар – еліміздің болашағы. Жастар саясаты.

14

Мәдениет. Мәдени орындар: кинотетатр, театр, концерт залы, музей, кітапхана. Өнер: музыка және музыкалық шығармалар, би өнері. Киноиндустрия және т. б.). Тіл. Тіл және мәдениет.

15

Ресми іс-қағаздар: жұмысқа тұру, жоғары білім, отбасы жағдайы, тәжірибе, хат, ресми құжат, өтініш

3

 

 

 

 

 

 

Қазақстан және ғалам

 

 

 

 

 

16

Менің елім. Мемлекет. Мемлекеттің саяси құрылымы. Ел экономикасы. Ұлттық рәміздер: ту, елтаңба, әнұран.

17

Қала, аймақ, ауыл, аудан, елдер. Астанасы және негізгі қалалары. Ғимарат.

18

Жыл мезгілі (уақыт, күн, апта, ай, жыл, уақыт кезеңдері). Сандық ұғым.

19

Ауа райы және климат. Табиғат. Табиғи ресурстар. Географиялық орналасуы.

20

Экологиялық мәдениет. Техникалық прогресс және адамзаттың жаһандық мәселелері.

21

Өсімдіктер әлемі. Жануарлар: аңдар, үй жануарлары, үй құстары, жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер.

22

Ақыл, ой, таным. Әдеби жанрлар. Әлемдік аты бар ғалымдар мен зерттеушілер, белгілі ақындар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, шығарма авторлары, олардың өмірбаяны, олардың шығармалары, ғылыми жұмыс, еңбектері. Баспасөз медия, жаңалықтар.

23

Экономика салалары. Жаһандану мәселелері. Әлемдегі қызықтар

24

Туризм. Сәулет. Сәулет және құрылыс. Еліміздің әдемі жерлері. Саяхат.

25

Тарих. Ел тарихы. Дүниетаным, тарихи оқиға.

26

Технология. Жаңа заман. Мәдениетаралық коммуникация. Цифрлық Қазақстан. Жасанды интеллект және қоғам.

Информационные материалы

Информационные материалы

Компьютерное тестирование по системе КАЗТЕСТ

Download

Контакты

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх