Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Стандартная версия


Шапан

Берік атаның өмірі өте қиын болды. Соғыс жылдары әйелі дүниеден өтіп, баласы жоғалып кетеді. Ал өзі қаладағы жұмысын тастайды. Бір ауылды жерде қой бағады.

Бір күні қой жайып жүргенде үш-төрт кісінің бір ауру баланы қалаға алып бара жатқандарын көреді. Сырқаттанған баланың үстіндегі жұп-жұқа киімінен қатты тоңғаны білініп тұр еді. Мұны көрген Берік ата қаншама жыл бойы шешпеген шапанын ауру балаға кигізіп жіберді.

Аурухана дәлізінде емделу үшін кезекте тұрған ауырған баланы біреу «Әке» деп түртеді. Аң-таң болған бала басын көтеріп қарсы алдындағы жас жігітке қарайды.

Ол жігітті тани алмайды. Оған «Әке» деп айтқан жігіт те еш нәрсе түсінбей қалады. Жас жігіт баладан иығындағы шапанды қайдан алғанын сұрайды. Себебі ұзақ жылдар таба алмай жүрген әкесінде де осындай шапан бар екен. Шапанды таныған жігіт әкесін таптым деп ойлап қалыпты. Ауру бала одан әкесінің кім екенін сұрайды. Біраз әңгімелескеннен соң, бұл жігіттің Берік атаның баласы екенін біледі. Оған қателеспегенін, бұл шапан соның әкесінікі екенін айтады.

Бала емделіп болған соң, Берік атаның ауруханада қызмет істейтін ұлымен бірге ауылға қайтты. Науқасты жылытқан шапан Берік атаға үлкен қуаныш, жақсылық болып оралды. 


ЖАЗЫЛЫМ  БӨЛІГІ

 

1-тапсырма

Аудиомәтін тыңдау арқылы мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.

Жоспар құру уақыты – 5 минут.


2-тапсырма

Жоспарға сәйкес мәтіннің негізгі мазмұнын толық, жүйелі, стиль бірлігін сақтай отырып, мазмұндама жазыңыз.

Көлемі – 200 сөйлемнен кем емес.

Мазмұндама жазу уақыты – 20 мин.


           3-тапсырма

Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген тапсырмалар негізінде сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыра отырып, өз ойыңызды жазыңыз.

Тапсырма орындау уақыты – 10 минут.

1. Әңгімеде қай уақыттағы жағдай айтылған?

2.  Берік ата қандай жұмыс жасады?

3. Ата даладан кімді көрді?

4. Ақсақал шапанын не үшін шешеді?

5. Ескі шапанның қандай көмегі болды? 

  

 


Оценка


Информационные материалы

Информационные материалы

Компьютерное тестирование по системе КАЗТЕСТ

Download

Контакты

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх