Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
QAZTEST мамандарын іріктеу байқауы өтті

 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы 2-25 мамыр аралығында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – QAZTEST тапсырмаларын әзірлеушілер, сарапшылар, жазба және ауызша жұмыстарын тексерушілер, аудиоматериалдарды дыбыстаушы, монтаждаушы мамандарды іріктеу байқауын өткізді.

Байқауды өткізудің негізгі мақсаты – тестіленушілер контингентінің көбеюі және QAZTEST жүйесіне қызығушылық білдіріп, тест әзірлеуге ынта танытқан, тексерушілер қатарына қосылуға және мәтіндерді дыбыстаушы диктор болуға ниетті жаңа мамандарға деген қажеттіліктің болуы.

Байқауға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тілші-ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының тіл мамандары, орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскер мұғалімдері қатысты.

Байқауға қатысуға ниетті 65 үміткерден құжат қабылданды. Қатысушылардың ішінен 11 маманның біліктілігі мен еңбек өтілі байқау талаптарына сәйкес келмегендіктен, келесі кезеңге жіберілмеді.

Аймақтық университеттер ұсынған 22 маманға ағымдағы жылы өндірістік қажеттілік болмағандықтан, келесі жылдың резервіне қалдырылды. Байқау комиссиясының шешімімен байқаудың екінші кезеңінен 32 үміткер, соңғы қорытынды үшінші кезеңінен 17 үміткер өтті.

Байқаудың барлық кезеңінен сәтті өткен QAZTEST жүйесі тест тапсырмаларының әзірлеушісі ретінде 4 маман, «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің жұмыстарын тексерушілер ретінде 12 маман, аудиоматериалдарды дыбыстаушы 1 маман іріктеліп алынды.

QAZTEST жүйесінің қатарына қосылған барлық мамандардың алда атқаратын жұмыстарына сәттілік тілейміз.


3.png





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх