Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттарын талқылауға арналған жиын өтті

2023 жылғы 26 мамыр күні Астана қаласындағы «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық кеңсесінде қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері Ұлттық стандарттарының алғашқы редакциясын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында Қазақстан Стандарттау және метрология институты қазақ тілінің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерін кеңейту бойынша әзірленген стандарт жобасын таныстырды.


2.jpg


Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың басқаруымен өткен дөңгелек үстел жұмысына фракция мүшелері, Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Серік Ерубаев, Ержан Бейсенбаев, Қазақстан Стандарттау және метрология институтының, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының, «ҚазСтандарт» РМК-нің мамандары, ҰҒА академиктері, тіл жанашырлары мен БАҚ өкілдері қатысты.


1.jpeg


Ұлттық стандарттар жобасына сәйкес мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруге ұсынылатын кәсіптер, мамандықтар және лауазымдар тізбесінің «Б» қосымшасы толықтырылды және ҚАЗТЕСТ электронды сертификатының енгізілуіне байланысты стандарттардың «А» қосымшасы жаңа редакцияда ұсынылды.


3.jpeg





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх