Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды

podrobno.JPG


Қазақстан Республикасында Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметшілері 2023 жылғы 15-17 мамыр аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуінен өтті.

Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 600 адамды құрады. Тестілеудің қорытындысы бойынша келесі көрсеткіштер анықталды (деңгейлер бойынша):

Диаграмма.jpg

Аталған іс-шара арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы қызметшілерінің қазақ тілін күнделікті өмірде қолдану және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу дәрежелерін анықтап, оның нәтижесі бойынша қызметшілеріне оқу курстарын ұйымдастыруды көздеп отыр. Тестілеудің қорытындысына сәйкес қызметшілерге сертификаттық тестілеу ұйымдастыру жоспарланған. Сертификаттық тестілеу нәтижесінде тестіленушінің деңгейі расталған жағдайда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ сертификаты беріледі.

Ұлттық тестілеу орталығы аталған іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мамандарына алғысын білдіреді.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх