QAZTEST жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден өңірлерде өтуге ниетті тестіленушілердің назарына!
Құрметті тестіленушілер!
2023 жылғы Маусым айында Алматы, Түркістан, Ақтау, Ақтөбе (22-24 маусым) және Қостанай қалаларында QAZTEST жүйесі бойынша көшпелі сертификаттық тестілеуді өткізуді жоспарлап отырмыз. Тестілеуге қатысу үшін өтінімді «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары және басқа да ниет білдірген жеке тұлғалар жібере алады.
Тестілеуге қатысу үшін өтінімді төмендегі сілтемеде ұсынылған сауалнаманы толтыру арқылы қалдырсаңыз болады:
Алматы қ. - Өтінім қабылдау аяқталды
Түркістан қ. - Өтінім қабылдау аяқталды
Ақтау қ. - Өтінім қабылдау аяқталды
Қостанай қ. - Өтінім қабылдау аяқталды
Ақтөбе қ. - Өтінім қабылдау аяқталды
Ақтөбе қаласында тестілеу 2023 жылғы 22-24 маусымда өткізіледі.
Тестілеу орны мен уақыты туралы хабарлама жеке пошталарыңызға кейінірек жіберіледі.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz