Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
QAZTEST жүйесі бойынша тестілеу өткізу жөніндегі қағидаларға өзгерістер енгізілді


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 27-Н/Қ бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» бойынша тестілеу өткізу жөніндегі қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

Жаңа Қағидаларға сәйкес тестіленушілерге сертификаттық тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда берілетін QAZTEST сертификаты және межелік балл көрсеткіштерін жинай алмай қалған жағдайда ұсынылатын анықтама үлгісі өзгерді.

QAZTEST сертификатының жоғарғы оң жағындағы QR-код – PDF форматында сертификатты жүктеп алуға сілтемені, сол жағындағы QR-код – сертификат мәліметтері көрсетілетін парақшаға сілтемені білдірсе, төменгі сол жақ бұрышындағы QR-код – сертификат түпнұсқалығын анықтауға арналған қызметтік ақпаратты қамтиды.


Сертификат описание каз.jpg


Бүгіннен бастап тестіленушілер QAZTEST жүйесі бойынша тестілеу нәтижелерін (Сертификат немесе Анықтама) Ұлттық тестілеу орталығының  certificate.testcenter.kz  сайтынан жүктей алады. Ұялы телефондарда (Android / iOS) сайтты «Google Chrome» браузері арқылы ашу ұсынылады.


сайт сертификата каз.jpg

qr-code certificate testcenter.png


Сондай-ақ, 2023 жылғы 23 қаңтарға дейін шығарылған бұрынғы үлгідегі сертификаттардың жарамдылық мерзіміне сәйкес жаңа үлгідегі сертификаттармен қатар қолданылатынын мәлімдейміз.

Сертификат пен анықтаманың жаңа үлгісі парақшаның төменгі жағында назарларыңызға ұсынылып отыр.


Қағидалар өзгерістермен (23.01.2023 ж.)


QAZTEST жүйесі бойынша тестілеу нәтижелерін (Сертификат/Анықтама) қарау және жүктеп алу жөніндегі нұсқаулық


qr-code Нускаулык Инструкция.png






Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх