2022 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы әскери қызметшілеріне «QAZTEST жүйесінің жаңа бағыты» тақырыбында QAZTEST тапсырмаларының жаңа сипатын таныстыру мақсатында әскери мекеме қызметшілеріне әдістемелік-нұсқаулық сабағы өткізілді.
Жиынға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, мекеме басшылары, өңірлердегі мемлекеттік тілді оқыту бөлімдерінің басшылары, әдіскерлері қатысты.
Жиын барысында тыңдаушылар тілдік білімді бағалаудағы тест тапсырмаларының ерекшеліктері және QAZTEST жүйесінің жаңа форматымен танысып, өзара пікір алмасты.
Іс-шара аясында QAZTEST жүйесін дамытуда үздіксіз еңбектеніп, қазақ тілінің барлық салада қолданылуын кеңінен насихаттап жүрген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының мамандары «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын қатысушылары QAZTEST жүйесін дамыту мен жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы мен ерекшелігіне тоқталып, жүйе мазмұны мен өткізілуіне жоғары баға берді.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz