Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің назарына

«Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес құжаттарды тапсыру кезінде В1 (Орта) деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ сертификатын ұсынуы қажет.

 

Осыған байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын ескере отырып, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өтінімдері негізінде АЛМАТЫ, ШЫМКЕНТ және АТЫРАУ қалаларында көшпелі сертификаттық тестілеуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

 

Көшпелі сертификаттық тестілеу әр өңірде кемінде 50 тестіленуші жиналған жағдайда ұйымдастырылатын болады. Өткізілетін орны мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланады.

 

Тестілеуден өтуге ниет білдірушілерге төмендегі сілтеме бойынша онлайн сауалнаманы толтыруды ұсынамыз.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdlnCLLRYu63l3mMsYLflNkHND-W7fbSbgotzk8DJFwIgEfCw/viewform?usp=sf_link 

 

Сертификаттық тестілеу құны 4841 теңгені құрайды және төлем үміткер тарапынан жасалады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх