Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Британдық мектеп оқушылары ҚАЗТЕСТ сынағы бойынша апробациядан өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен «Haileybury Astana», «Haileybury Almaty»білім беру ұйымдары арасында 2019 жылғы ақпанда жасалғанкелісімшартқа сәйкес ағымдағы жылғы 2-13 мамыр аралығындаалғаш рет еліміздегі британдық мектеп оқушылары ҚАЗТЕСТ сынағы бойынша апробациядан өтті.

Оқушылардың тілді меңгеру дәрежелері бойынша ҚАЗТЕСТ сынағы  жеңілдетілген және негізгі бағытта әзірленді.  Екі бағыт бойынша «Haileybury Astana» мектебінің 23, «Haileybury Almaty» мектебінің 17 оқушысы байқау сынағынан өтті.

ҚАЗТЕСТ сынағы Тыңдалым, Оқылым, Жазылым, Сөйлесім сияқты сөйлеу әрекетінің 4 бөлігін қамтыды. «Тыңдалым» бөлігінде әртүрлі жағдаяттағы диалог ұсынылып, дұрыс суретті таңдау сияқты тапсырмалар, сондай-ақ тест тапсырмалары берілді. Оқылым бөлігінде танымдық, ақпараттық мәтіндер ұсынылып, сұраққа жауап беру, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою, ақпараттың дұрыс/бұрыс екенін анықтау сияқты тапсырмаларды орындау талап етілді. «Жазылым» бөлігі бойынша оқушылар ұсынылған бірнеше тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазды. Ал «Сөйлесім» бөлігінде оқушының бос уақытын қалай өткізетіні, қызығушылықтары, сүйікті кітабы немесе фильмі сияқты түрлі тақырыпта сөз қозғалды.«Сөйлесім» барысында оқушылардың жауаптары диктофонға жазылып алынды.

Диалог, мәтін, эссе тақырыптары және тапсырмалар аталған мектептің оқу бағдарламасы негізінде таңдалып, әзірленді. Тест тапсырмаларын әзірлеуге тестология саласына маманданған, тілші-мамандар, әдіскерлер жұмылдырылды.

ҚАЗТЕСТ сынағының алғаш рет өткізіліп отырғанына қарамастан, оқушылар емтиханды сәтті тапсырды.

ҚАЗТЕСТ-тің екінші кезеңі, сертификаттық тестілеуді, ағымдағы жылғы 3-5 маусым аралығында өткізу жоспарланып отыр. Бұл тестілеудің ерекшелігі – оқушылардың балл көрсеткішіне сәйкес қарапайым (А1), базалық (А2), орта (В1) деңгейдің сертификаттары табысталатын болады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх