Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Жамбыл облысы ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті
Жамбыл облысы ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті
2019 жылғы 11-15 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кезекті тестілеуді ұйымдастырды. Тестілеу жұмысына Мойынқұм, Шу, Қордай, Меркі, Рысқұлов, Сарысу, Талас, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласының мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік сала мамандары мен әскери қызметшілері қатысты. Өңір бойынша қатысқан адамдар саны − 1880. Оның ішінде 314-і сертификаттық тестілеуден өтті.
Тестілеуге облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік комитеті, әскери сала қызметшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімдері қатысты.  
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх