Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Haileybury Astana» халықаралық мектебінде Ұлттық тестілеу орталығымен серіктестік құру мәселесі талқыланды

Өткен айдың 12 қазан күні ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының басшылығы үздік британдық білім беру үлгісінде құрылған «Haileybury Almaty» коммерциялық емес АҚ-ның өкілдерімен кездесті. Осы кездесудің жалғасы ретінде 23 қараша күні «Haileybury Astana» халықаралық мектебінде қазіргі формат бойынша жалпыға ортақ әлемдік стандарттарға сәйкес білім алушылардың қазақ тілінен білімін сырттай бағалауға қатысты мәселе қаралды. 

Кездесуге ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы Мәншүк Мұқаметқали,  «Haileybury Astana» мектебінің Тілдер факультетінің басшысы Сара Уильямс, Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Гүлшат Жұмағалиева,  Жергілікті мазмұнды үйлестіруші Динара Рахимова қатысты.

Аталған іс-шара барысында екі ұйым арасындағы өзара серіктестік пен ынтымақтастық меморандумын жасау үшін жұмыс тобының құрамын анықтау және халықаралық мектептің оқу жоспарымен таныстыру, 11-сынып оқушыларына ҚАЗТЕСТ сынағын өткізу үшін тест спецификациясын әзірлеу, сөйлеу әрекетінің бөліктері бойынша тест тапсырмаларын оқу бағдарламасына сәйкес бейімдеу, алдағы уақытта жасалатын екіжақты меморандумның кейбір шарттары жан-жақты талқыланды.

Іс-шара соңында М.Мұқаметқали Тілдер факультеті 11-сынып оқушыларының қазақ тілі сабағына қатысты.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх