Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Тілдік білімді бағалау: теориясы мен әдістемесі» тақырыбында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы

2006 жылдан бері елімізде ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының базасында тілдік білімді бағалаудың халықаралық жүйелері талаптарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізіліп келеді.   Бұл жүйенің өткен кезеңнен бері республика азаматтарының тілдік құзыреттерін дамытуда пәрменді құралға айналғанын көруімізге болады.

Осыған сәйкес 2018 жылғы 15−16 қараша күндері ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы Астана қаласында «Тілеп Қобыз» сарайында «Тілдік білімді бағалау: теориясы мен әдістемесі» тақырыбында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуді жоспарлап отыр. 

Курстың мақсаты – ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларын әзірлеушілері мен сарапшыларын тұлғаның  қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудағы тілдік білімді бағалау материалдарын әзірлеудегі қолданылатын әдістемелерді зерделеу, тілдік білімді бағалау теориясымен танысу, тәжірибе барысында қолдана білу, сонымен бірге, халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің мазмұнымен танысу арқылы қазақ тілін оқыту бойынша әдіскерлерге, оқытушыларға, ҚАЗТЕСТ сарапшыларына әдістемелік көмек көрсету.

Курста бірнеше жылдан бері тестілеу және тілдік білім деңгейін бағалау саласында семинарлар, авторлық курстардан өткен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері, сарапшылары, еліміздің жоғары оқу орындарының тілші-ғалымдары, әдіскерлері мен тестология саласының мамандары оқу сессияларын өткізеді.

Аталған ауқымды іс-шарада Түркия Республикасы Гази университеті қарамағындағы TÖMER орталығының (Түрік тілін оқу, зерттеу және тәжірибе орталығы) директоры Незир Темур қатысады.

Іс-шараның алғашқы күні ересек азаматтарға тілді екінші тіл ретінде оқытуда қолданылатын әдістемелер, тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі, педагогикалық өлшеу теориясы мен тест тапсырмаларын құрастыру әдістемелері, сөйлеу әрекетінің түрлері, халықаралық тәжірибе мәселесіне арналады.

Екінші күні сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым), олардың өзіндік ерекшеліктері мен маңыздылығы баяндалып, әр бөлік бойынша мәтінді іріктеу жолдары талқыланады.

Курсқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің,  ҚР Сыртқы істер министрлігі,      ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының өкілдері,  Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мамандары, мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының директорлары, оқытушылары, әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ сарапшылары мен әзірлеушілері қатысады деп күтілуде.

Курс соңында біліктілікті арттыру курсының қатысушыларына сертификат табысталады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх