Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«ҚАЗТЕСТ жүйесі: жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық оқыту семинары

2018 жылғы 26 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «ҚАЗТЕСТ жүйесі: жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық оқыту семинары өткізілді.

Семинар жұмысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы М.Мұқаметқали мен Тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекші сарапшысы Ж. Әділбекова дәріс оқыды. Сондай-ақ семинар барысында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі ҚАЗТЕСТ-ң қазіргі жай-күйі мен оның даму болашағы, жаңа форматқа көшу мәселелері сөз болды.

«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесін негізге ала отырып әзірленген қазақ тілінің деңгейлік оқулықтары, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес минималды сөздер мен сөз тіркестерінің қорын қамтитын лексикалық минимумдар таныстырылды.  

ҚАЗТЕСТ-ң қолданылу аясы, тестілеу технологиясы мен құрылымына қатысты сұрақтар қойылып, қатысушылар сұхбаттасу барысында көкейдегі сауалдарына толық жауап алды.

Аталған семинарға тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері және қазақ тілі пәнінің оқытушылары қатысты.

Іс-шараның соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Ұлттық тестілеу орталығы  Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшылығы мен ұжымына семинар жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх